ШҚО-да СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ 1424 CALL ОРТАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ЕРЕКШЕ АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

ШҚО-да СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ 1424 CALL ОРТАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ЕРЕКШЕ АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

Қазіргі жағдайда кез-келген мемлекеттік орган қоғам тарапынан нақты және пәрменді қолдау арқылы ғана табысқа жете алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл, атап айтқанда, халықтың белсенді қатысуымен ғана мүмкін болады.

Осы орайда, ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс орталығының халық көп шоғырланатын орындарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call орталығының қызметі туралы асфальтқа әлеуметтік жарнама (ақпарат) жазу бойынша ерекше акция өткізді.  Акция ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің және Өскемен қаласының "Еріктілер лигасымен" бірлесіп ұйымдастырылды.

Бұл жазбалар оннан астам жалпыға қолжетімді жерлерде, оның ішінде жоғары оқу орындары мен басқа да оқу орындарының аумағында орналастырылды.

Акция аяқталғаннан кейін қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізілді. Қала тұрғындары акцияның мазмұнына оң баға беріп, Call орталығы туралы ақпарат тұрғындар үшін өте пайдалы екендігін хабарлады.

Жалпы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығы азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық көмек көрсетеді.

Операторлар Агенттіктің қызметі туралы сұрақтарға жауап береді, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және оның қызметкерлеріне қатысты шағымдар, ұсыныстар мен пікірлер қабылдайды, жұмысқа орналасу тәртібін түсіндіреді.

Орталық тәулік бойы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, оның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы телефон хабарламаларына жауап береді.

Жеткілікті негіздер болған кезде сотқа дейінгі тергеу басталады.

Бұл ретте, егер кінәлі адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсететін азаматтарға ақшалай сыйақы көзделген.

Құрметті Шығыс Қазақстандықтар, Сіздерді жемқорлық фактілеріне бей-жай қарамай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-орталығына жемқорлықтың әрбір фактісі туралы 1424 нөмірі бойынша хабарлауға шақырамыз.

Сондай-ақ, Сіздер қызықтыратын мәселелер мен ұсыныстар бойынша мессенджерлер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және аумақтық бөлімшелердің ресми сайттары арқылы өзара іс-қимыл жасай аласыздар. 

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив