АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЖАРТЫ ЖЫЛДА ЖАСАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ 70% - ДАН АСТАМЫ   - АУЫР ҚЫЛМЫСТАР

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЖАРТЫ ЖЫЛДА ЖАСАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ 70% - ДАН АСТАМЫ - АУЫР ҚЫЛМЫСТАР

 

Ақмола облысында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 49 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Мұрат Төлеубаев онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

«Жауапқа тартылған 49 адамның 17-сі басшылар, оның ішінде 3 – республикалық, 6 - облыстық, 5 - қалалық және аудандық маңызы бар және  3-ауылдық округ әкімдері», - деді Мұрат Төлеубаев.

Спикердің ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың 6 айында өндірісте болған 100-ден астам қылмыстық істердің  74% - ы ауыр қылмыстарға жатады. Оның ішінде 36 адамға қатысты 42 іс сотқа жолданды.

Сондай-ақ, облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 6 фактісін анықтады, онда 28 қылмыс әшкереленді және 19 адам жауапқа тартылды.

Мысалы, облыстың Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысына қатысты қылмыстық іс өндіріспен аяқталды және сотқа жіберілді. Ол басқа мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар басшыларымен қылмыстық сөз байласып, жүйелі негізде «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын жобаларды іске асыру бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде пара алу және бюджет қаражатын ұрлау бойынша сыбайлас жемқорлық схемаларын ұйымдастырған.

Шағын және орта бизнес қызметіне араласудың бірқатар фактілерінің жолы кесілді.

Атап айтқанда, алдау жолымен компания директорынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестат алуға байланысты мәселені оң шешкені үшін 800 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алған үшін  Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы сотталды.  

Мемлекеттік бағдарламаларды сүйемелдеу аясында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосымен 15 қылмыс тіркелді.

Лауазымды тұлғалардың көлеңкелі экономика субъектілеріне қамқорлық жасау фактілері анықталды. Ағымдағы жылдың 6 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша мемлекетке өтелген залал 500 миллион теңгеден астам соманы құрады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өз қызметінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасағаны үшін жазалаудың бұлтартпастығы қағидатын басшылыққа алатынын айтқым келеді. Әрбір азаматты сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік танытуға және осындай құқық бұзушылықтарға тап болған кезде дереу хабарлауға шақырамын», - деп қорытындылады облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив