ЕЛОРДАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ БІРІНШІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ АЙТЫЛДЫ

ЕЛОРДАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ БІРІНШІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ АЙТЫЛДЫ

 

Бүгін «Antikor Ortalygy» алаңында өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева,  «Астана-адалдық алаңы» жоба жетекшісі Мирас Шекенов, ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Сәдібек Түгел жарты жылдықта атқарылған жұмыс нәтижелері жөнінде айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жұмысының басым бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу. Жүргізілген жұмыстар азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жедел ден қоюға бағытталған.

***

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу үшін мамандар немесе белгілі бір салада арнайы білімі бар азаматтар тартылғанын атап өткім келеді, соған байланысты тиісті хабарлама әлеуметтік желілерде және Департаменттің ресми сайтында орналастырылған.

Сондай-ақ, осы жылдың басынан бастап Департамент мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бюджет қаражатын негізсіз жұмсау фактілерін болдырмауға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Мониторинг барысында мемлекеттік органдарда және ведомстволық бағынысты ұйымдарда объектілер, қызмет көрсету, кеңсе тауарлары мен интерьер заттарын сатып алу үшін бағалардың нарықтық бағадан жоғарылау фактілері анықталды. Мәселен, білім басқармасы A4 форматындағы қағазды 2679 теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Ал тауардың осы түрінің нарықтағы шекті бағасы 1400-ден 1500 теңгеге дейін құрайды. Осындай жағдай мектеп парталары мен орындықтарды сатып алуды жоспарлау кезінде де кездесті.

Білім басқармасы нарықтық бағада - 16000 теңгеден 20 000 теңгеге дейін тұратын мектеп партасы үшін мемлекеттік сатып алуды 53000 теңгеге жоспарлаған, орындықтарды 13000 теңгеге сатып алу жоспарланған, ал өнімнің бұл түрінің бағасы 6000-10000 теңгені құрайды.

Жалпы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдарына сәйкес білім басқармасы жалпы сомасы 60 миллион теңгеге мемлекеттік сатып алу жоспарларына өзгерістер енгізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Protecting Business and Investments» жобасы аясында әкімшілік кедергілерді жою, ірі кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуын болдырмау мақсатында инвестициялық жобаларға қолдау көрсетеді. «Tamos Space School» ЖШС пайда болған мәселелердің шешілуін атап өтуге болады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап ірі кәсіпкерлік субъектілерімен ынтымақтастық туралы 5 келісім жасалды, қолдауға ие жобалардың сомасы шамамен 8,8 млрд. Теңгені құрайды.

Департамент мемлекеттік органдар мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200 бабы аясында Департаментпен 63 ұсыным енгізілді. 29 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: 3 тұлға қызметке толық сәйкес еместігі бойынша жұмыстан шығарылды, төртеуі лауазымынан босатылды. Қалғандарына ескертуден лауазымынан төмендетуге дейін шаралар қолданылды.

15 басшы бағыныштылардың заң бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы:

1)      Алаяқтық фактісі бойынша Республикалық эпизоотияға қарсы отряды РММ бөлімінің басшысына қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында осы мемлекеттік мекеменің директоры С.Б. Абдулхаликов бағынысты адамның құқық бұзушылығы үшін сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды;

2)      Қылмыстық құқық бұзушылық бойынша 28 баптың 4 б., 367 баптың 1б. қарастырылған «Талдау және ақпарат орталығы» ШЖҚ МКК директорының орынбасары Д.Әліпбаевқа және басқа адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғау шеңберінде - «Талдау және ақпарат орталығы» ШЖҚ ММК директоры Е.Әлиевке ескерту жарияланды;

3)      «№12 Балабақша – бастауыш мектеп» директоры Т. Жұмабай және №13 орта мектептің директоры К. Рахимбеков бюджет қаражатын бірнеше рет ұрлау фактілері бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде - қаржылық мәселелерді, оның ішінде мемлекеттік сатып алуға жетекшілік ететін Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары қызметінен босатылды;

4)      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабына сәйкес елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жолданған ұсынымы бойынша аталған министрліктің жауапты хатшысының 1 маусымындағы бұйрығымен қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін Көліктік бақылау инспекциясының басшысы М.Конерказовтың лауазымы бас маманға дейін төмендетілді.

Осылайша, инспекцияның бас маманы С.Айдаркенов лауазымды тұлға бола тұра, бірнеше рет жүк тасымалдаушылардан пара алған.

Сотта Айдаркенов пара алу фактілерін толығымен мойындады. Ол үшін ол Байқоңыр аудандық №2 сотының үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оны өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырып, 26 миллион 250 мың теңге айыппұл салынды.

Осы жағдайды ескере отырып, ұжымда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын қабылдамағаны үшін елордалық инспекцияның басшысы қызметінен босатылды.

5)      «Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ инспекторы А. Мейманқұловқа қатысты қозғалған қылмыстық іс шеңберінде «Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары О. Ибраеваға сөгіс жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің барлық ұсынымдары мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қатысуымен қаралды.

Сот үкімдерімен аяқталған қылмыстық істер бойынша бірнеше мысал келтіріп өтейін.

Сонымен, өткен жылдың 18 желтоқсанында азаматша Самсонова И.К. Нұр-Сұлтан қаласы Әкімдігінің «№ 31 мектеп-гимназиясы» КММ-нің директоры бола отырып, қызметтік кабинетінде «Устаз» ЖШС аспазшысы А.В. Самойлюктан 742 000 теңге көлемінде пара алған. Самсонова И.К. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлға ретінде пара берушінің пайдасына әрекет жасағаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алуға тырысқан.

Аталған әрекеттер үшін, азаматша Самсонова Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 366-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекет субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырумен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

2015 жылдың тамызынан бастап №13 орта мектеп директоры, азамат К.К. Рахымбеков өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау мақсатында бағыныштыларына мемлекеттік білім саласында қажетті білімі бар ресми жұмысқа орналасу үшін адамды іздестіру туралы өтінішпен жүгініп, аударылған және қолма-қол ақшаны мектеп қажеттілігіне жұмсалатынын айтқан.

№ 13 орта мектеп директоры Рахымбеков К.К. бұйрығы негізінде азамат К. еңбек шартының талаптарына сәйкес мұрағатшы қызметіне тағайындалған.

Азамат К. іс жүзінде мұрағатшы қызметін орындамаған. Оның жалақысы мектеп директорына түсіп тұрған.

2 673 013 теңге көлемінде алынған ақшаны мектеп директоры оқу орнының қажеттіліктеріне, қалған 400 000 теңгені өзінің жеке қажеттілігіне жұмсаған.

2020 жылдың ақпан айында азамат Рахымбеков К. өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, арнайы құрал-жабдықтары бар «Сапатранс» ЖК басшысы азамат Сапина Т.Б. шақырып, оған мектеп аумағынан қарды шығаруға келісімшартты көтерме бағамен жасасуды және ол үшін ақшалай сыйақы төлеуге уәде берген.

2020 жылдың 15 наурызында бір топ адамдармен Сапин Т.Б., Нұр-Сұлтан қаласы Шалкеде к-сі, 5 мекенжайы бойынша орналасқан оқу орнының аумағынан қарды жинап, шығарылуын қамтамасыз еткен.

Кейін, азамат Рахымбеков К.К. жалпы сомасы 600 000 теңге болатын келісімшартқа және мектеп аумағындағы қардан тазарту бойынша аяқталған жұмыс актісіне қол қоюды қамтамасыз етті.

Бұл әрекеттер үшін, азамат Сапин Т.Б. Рахымбековтің әйелінің картасына 440 000 теңгені аударды.

2020 жылдың наурызында азамат Рахымбеков К.К. өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау мақсатында мектеп қажеттілігі үшін жалпы сомасы 905 000 теңге болатын ақпараттық-тақырыптық баннерлерді сатып алу кезінде «Азия-Арт» ЖК басшысы М.О. Абишевті шақырып,  оған үлкен сомаға келісімшарт жасау арқылы 183 000 теңге ақша төлеуге уәде берген. Рахымбеков К.К. және Абишев М.О. заңсыз әрекетке келісіп, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Бұл әрекеттер үшін, азамат Рахымбеков К.К. Алматы аудандық № 2 сотының үкімімен кінәлі деп танылып, 10 230 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Тағы бір мысал:

Азамат Шеверняев В.Ф. №3 кәсіптік-техникалық мектептің директоры бола отырып, 2018 жылдың қыркүйегінде ол колледждің өндірістік оқытудың екі шеберін штат кестесіне сәйкес жалақы төленіп, шеберхана меңгерушісі және колледж бөлімінің басшысы лауазымына ауыстыру туралы бұйрыққа қол қойды. 2018 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейінгі кезеңде бұл қызметкерлер еңбек қызметін нақты атқармаған. Бірақ оларға бухгалтерия 1 229 447 теңге көлемінде төлеген. Кейіннен бұл қаражат банктік карталардан алынып, В.Ф.Шеверняевке аударылған.

Байқоңыр ауданының №2 сотының үкімімен В.Ф.Шеверняев ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, ол ұрланған мүліктің мөлшерінен 10 есе мөлшерде, яғни 12 294 460 теңге айыппұл салынып, мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ережелеріне сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзған мемлекеттік қызметшілер де, жеке тұлғалар да сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сонымен, осы жылдың 6 айында әкімшілік жауапкершілікке 5 жеке тұлға және 1 мемлекеттік қызметші тартылды.

Салынған әкімшілік айыппұл сомасы 1 474 850 теңгені құрады. 

Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен полиция департаменті полиция полкінің қызметкері Ш.Түсіпов жол ережесін бұзған автокөлік құралының жүргізушісіне қатысты заңды іс-әрекет жасамағаны үшін Кодекстің 660-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Іс материалдары бойынша, 2019 жылдың шілденің 27-нен 28-не қараған түні лауазымды тұлға Ш.Түсіпов «Рубеж» бекетінде тұрып, сағат 3:30-да Toyota Yaris көлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші куәлігі болмаған. Аталған факті бойынша инспектор әкімшілік хаттама толтырмаған. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылмай ережелер бұзылған.

2020 жылғы 07 сәуірде азамат Атабаев Т., Хонда фит маркалы автокөлігін басқару барысында құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктен жалтару мақсатында полиция қызметкеріне 2000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы берген. Осыдан кейін тәртіп сақшылары 102-ге қоңырау шалып, шара қолдану үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді. Істің мән-жайын түсіндіру барысында азамат Атабаев өз кінәсін мойындады, осыған байланысты оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Өндіріске салынған айыппұл мөлшері 277 800 теңгені құрайды.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, лауазымды адамға 2 АЕК төмен (5 302 теңге) сыйлық бергені үшін 200 АЕК (530 мың 200 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылғанын еске саламын.

Мемлекеттік қызметшілер сыйлық алған жағдайда - 600 АЕК (1 миллион 590 мың 600 теңге) айыпұл қарастырылған.

2 АЕК-тен асатын сыйлық қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Мемлекеттік қызметшінің алдын-ала білместен алған, сондай-ақ тиісті функцияларды орындауға байланысты алған сыйлықтары жеті күн ішінде арнайы мемлекеттік қорға тапсыруға жатады.

Жарты жылдықты қорытындылай келе, Арнайы мониторинг тобының, «Астана - адалдық аласы» жобасының және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараттық-ағартушылық штабының жұмысын атап өткім келеді. Республика аумағында төтенше жағдай енгізілгендіктен, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында жұмыс онлайн режиміне көшті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша барлық шаралар WhatsApp мессенджерлері, ZOOM бейнеконференциялары және Facebook қосымшасы арқылы жүзеге асырылуда. Өскелең ұрпақ арасында адалдық сағаттары үнемі өткізіліп тұрады.

Елорда Агенттіктің оқу орындарында, мемлекеттік органдарда адалдық дүкендерін ашу бастамасын алғашқылардың бірі болып қолдады. Бүгінгі таңда қаланың барлық мектептері мен колледждерінде кітапханалар мен адалдық дүкендері жұмыс істейді, «Адал ұрпақ» клубтары және «Саналы ұрпақ» жобасы белсенді жұмыс істеуде. Парасаттылық сағаттары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген.

Сонымен қатар, қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында қашықтықтан оқыту кезеңінде алғаш рет «Адалдық Кітапхана» орталығының ашылғанын атап өткім келеді. Онда осы мекеменің оқушылары кітапхананы өздері еркін пайдаланады. Кітапхана бес күндік жұмыс режимінен «демалыссыз» режиміне ауыстырылды.

Жаңа оқу жылында «Адал ұрпақ» «Саналы ұрпақ» ерікті клубтарының жұмысы және integrityshop жұмысы жалғасады.

Келесі жобаларды іске асыру жоспарлануда:

- «сенім бюросы» жобасы (әр мектепте жол жүруге, сөмкелерге, телефондарға, ақшаларға және т. б. арналған жәшіктер құрылады);

- «бірыңғай іс-қимыл күні» жобасы, тоқсан сайын «Мектеп - әлеуметтік белсенділік аумағы» акциялары, «Менің азаматтық ұстанымым» роликтері, «Ересектерге сұрақ қой» брифингтері жүзеге асады;

- «Адалдық шеберхана» жобасы (әр мектепте шеберхана бұрыштары ұйымдастырылып, онда балалар бос уақытында қолөнермен айналыса алады, жұмыстар кейін «Адалдық дүкендерінде» сатылатын болады.

«Адал Көмек» жобасы аясында заңгерлер, адвокаттар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері азаматтарға онлайн-кеңестер өткізеді. Осыған орай «Адал Көмек» жобасы аясында тікелей ээфирге күн сайын шығатын «Есіл» ауданы әкімі аппаратының жұмысын атап өтеміз.

Antikor LIVE жобасы аясында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары күн сайын халықты ақпаратпен қамтамасыз ету үшін шақырылып отырады. Мемлекеттік органдар халықты қызықтыратын мәселелер бойынша 1000-нан астам жауап берілді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив