ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ БОЛУЫ МЕН БАҒАСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ЕРЕКШЕ БАҚЫЛАУЫНДА

ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ БОЛУЫ МЕН БАҒАСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ЕРЕКШЕ БАҚЫЛАУЫНДА

Елімізде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың тапсырмасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері және Арнайы мониторинг топтары мүшелері басқа уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен бірлесіп халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және дәрілердің белгіленген шекті бағасын сақтау бойынша мониторинг жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 12 шілдесіндегі мониторинг шеңберінде Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парламент Сенатының мүшесі Жабал Ерғалиев, өңірлік Арнайы мониторинг тобының мен «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшілері Хасан Ерденов және Самира Тайтенова, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Көкшетау қаласының ірі дәріханалық желілеріне барды.

Айта кету керек, бұл күні бірқатар орталық дәріханалар санитарлық күнге жабық болып шықты. Жексенбі күні жұмыс істейтін дәріханалардың мониторингі барысында неғұрлым сұранысқа ие дәрілік заттардың шекті бағасын негізсіз көтеру анықталған жоқ.

Дегенмен, мониторинг ұйымдастырушыларының дәріханаларға келушілермен тілдесу барысында дәрі-дәрмектердің тапшылығы мәселесі әлі шешілмегені анықталды. Сондай-ақ, дәріханаларда жұмыс істейтін фармацевтер өңір тұрғындарының дәрі - дәрмектерге деген сұранысы жоғары, бірақ дәріні жеткізу жеткіліксіз екенін атап өтті.

Сонымен қатар, жұмыс тобы жүргізетін күнделікті мониторинг Көкшетау қаласы мен облыс аудандарында кейбір талап етілетін дәрілерге (Ибуфен, Циклоферон, Нимесил және басқалар) белгіленген құнын көтеруді анықтады.

Мысалы, қаладағы дәріханалардың бірінде Нимесил қабынуға қарсы препаратының бағасы шекті бағадан шамамен 400 теңгеге артық болды, алайда жұмыс тобы араласқаннан кейін дәріхананың басшылығы шұғыл түрде тиісті бағаны белгіледі. Кейбір аудандарда өмірлік маңызды дәрі-дәрмектердің бағасын екі есеге жуық көтеру фактілері бар.

Фармацевтердің айтуынша, қазіргі таңда дәріханаларды қажетті дәрі-дәрмектермен толықтыру тұрақты түрде жүргізіледі. Мониторинг көрсеткендей, тұрғындарға қолжетімді баға бойынша вирусқа қарсы және ыстыққа түсіретін препараттардың көпшілігінде сатылымда жоқ, шетелдік өндірушілердің қымбат дәрілері ғана бар.

Мониторинг бойынша барлық деректер тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға беріледі. Жүргізіліп жатқан жұмыс бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланумен жалғастырылатын болады.

Сонымен қатар, азаматтар дәрілік препараттардың шекті бағасын негізсіз көтеру фактісіне тап болған жағдайда WhatsApp-қа 8 702 000 24 94 телефоны арқылы дәріхананың атауы мен орнын нақтылап, аудио -, бейнежазбалар қоса бере отырып, сондай-ақ Департаменттің және «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ресми беттеріне хабарласа алады.

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы
Динара Нұртаз

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив