Солтүстікқазақстандық жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды 30 рет тапсырған

Солтүстікқазақстандық жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды 30 рет тапсырған

           Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Халыққа қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Талдау қорытындысы «Antikor ortalyǵy» сервис орталығы алаңында талқыланды.

           Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Дамир Хабибуллин сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудың қорытындысы бойынша 14 ұсыным енгізілгенін атап өтті.

           Олардың ішінде камера ажыратылған, бағдарламадағы іркілістер орын алған кезде, емтиханның мерзімін шигеріп, емтиханның практикалық бөлігінен өту мүмкіндігін болдырмау, сонымен қатар емтиханды тегін тапсыру мүмкіндігін үшке дейін қысқартып, одан кейін ақылы ету.

           Спикер хабарлағандай, жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтиханнан өту кезінде жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін автомобиль кабиналары бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

           «Сонымен қатар, камераның және жазу жүйесінің уақытша істен шығуына байланысты тәжірибелік емтиханның нәтижелері бейнежазбаның бар-жоғына қарамастан жарамды деп танылады. Мұндай тәртіп қызмет алушыны тәжірибелі жүргізушіге немесе нұсқаушыға ауыстыруға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлық тәуекелге ие», - деп атап өтті Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Дамир Хабибулин.

           Бұдан басқа, емтиханның теориялық бөлімін өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы емтиханның практикалық бөліміне жіберіледі, онда емтихан тапсырушының маршруттың тегін жүру әрекеттерінің саны шектелмейді. Жалғыз ғана шектеу – емтихандардың арасы бір күннен кем болмауы тиіс.

           «Талдау барысында қызмет алушы емтиханның практикалық бөліміне 30 рет жіберілгендігі анықталды. Бұл жағдай автокөлік құралдарының тозуын, емтихан өткізетін тұлғаларға жүктемені арттырады және сенімді байланыстың пайда болуына ықпал етеді, бұл сыбайлас жемқорлық көрінісіне ықпал етуі мүмкін», - деп есептейді Дамир Хабибулин.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив