АЛИК ШПЕКБАЕВ БИЗНЕС-ОМБУДСМЕНІМЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОМПЛАЕНС - ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІН ТАЛҚЫЛАДЫ

АЛИК ШПЕКБАЕВ БИЗНЕС-ОМБУДСМЕНІМЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОМПЛАЕНС - ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІН ТАЛҚЫЛАДЫ

4 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында Төраға Алик Шпекбаев кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновпен кездесті.

Тараптар мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, бизнес-жобалар мен инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау, квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді дамыту мәселелерін талқылады.

Агенттік басшысы әңгімелесушіні ведомствоның жүргізіп отырған жұмысының негізгі нәтижелерімен таныстырды. Атап айтқанда, ол «Атамекен» ҰКП-мен бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануды анықтау бойынша өзара іс-қимылдың оң тәжірибесін атап өтті. «Бірыңғай сатып алу терезесі» ақпараттық-талдау порталы арқылы 5 ай ішіндегі мониторинг нәтижесі 2,8 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді.

Өз тарапынан бизнес-омбудсмен «Protecting Business and Investments» бірлескен бастамасы шеңберінде кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Қазіргі уақытта заңсыз араласу мен әкімшілік кедергілерден адал бизнесті жүргізу міндеттемесін қабылдаған 452 бизнес-жоба (инвестиция көлемі 12 трлн теңгеден астам) қорғалды.

Тараптар квазимемлекеттік секторда интегрити-қағидаттарды одан әрі ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударды. Бұл ретте компаниялар мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған комплаенс-қызметтер маңызды рөл атқарады.  Оларды енгізу заңнамалық деңгейде көзделеді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Мәжілісте ескертусіз қаралды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер мен офицерлер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге елеулі әсер етеді.                             Іс жүзінде «тәртіпті қалпына келтіру» функцияларын орындау барысында олардың тәуелсіздігі мен дербестігі маңызды. Жалпы алғанда, олардың жұмысы корпоративтік мәдениеттегі парасаттылық жағына оң өзгерістерге әсер етеді» - деп Алик Шпекбаев атап өтті.

Рустам Жүрсінов өз кезегінде: «Барлық кәсіпкерлік субъектілерінің парасаттылық қағидаттары негізінде бизнесті жүргізу ережелерін сақтауы коммерциялық тұрғыдан тиімді және орынды. Біздің Агенттікпен бірлескен жұмысымыз сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ортақ міндетін іске асыруда бизнестің де, мемлекеттің де мүдделерін ескере отырып, мемлекеттік органдардың бизнеске орынсыз қысымын болдырмауға көмектеседі».

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар квазимемлекеттік сектордағы интегрити-стандарттар мен комплаенс-қызметтерге әдістемелік қолдауды ілгерілету және болашақта оны жеке секторға кеңейту бойынша жұмыс тобын құруға келісті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив