«ANTIKOR.LIVE»: карантин кезеңінде бизнесті қолдау

«ANTIKOR.LIVE»: карантин кезеңінде бизнесті қолдау

 

«ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында ШҚО жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин мен «Атамекен» ҰКП ШҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Әлия Мұқашева карантин кезеңінде бизнесті қолдау мәселелері бойынша тікелей эфир өткізді.

Тікелей эфир барысында ШҚО жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте бизнес пен инвестицияларды қорғау мақсатында "Protecting Business and Investments" жобасы іске асырылып жатқанын айтты.

"Protecting Business and Investments" жобасының негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге жүгінген инвесторлар мен кәсіпкерлердің қызметі барысындағы бюрократиялық тосқауылдар мен сыбайлас жемқорлық қатерлерін жою болып табылады. Бүгінгі таңда ШҚО-ның 28 бизнес субъектісі жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойды. Жобаны іске асыру басталғаннан бері 21 кәсіпкер мен инвестордың құқықтары қорғалып, қалпына келтірілді. Бұл жұмыс тұрақты негізде жалғасатын болады", - деді Ж. Байділдин.

"Атамекен" ҰКП ШҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Әлия Мұқашеваның ақпараты бойынша, ТЖ кезінде "Атамекен" ҰКП ШҚО филиалына кәсіпкерлерден 1000-нан астам өтініш келіп түскен. "215 жүк тасымалдаушыға блокбекеттерінен өту бойынша көмек көрсетілді. Орта бизнестің 1217 өкіліне 141 млн. теңгеден астам сомаға коммуналдық қызметтердің төлемі кейінге қалдырылды. Форс-мажор туралы куәлікті алу мәселесі бойынша 169 жауап берілді. Сонымен қатар, Палата несие және салық міндеттемелерінің мерзімін кейінге қалдыру тәртібін түсіндіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде", - деді А.Мұқашева.

Тікелей эфир соңында спикерлер азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив