ШҚО-да жол сапасы сыналуда

ШҚО-да жол сапасы сыналуда

"Сапалы жол" жобасы аясында ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық жол активтері сапасы орталығының өкілдерімен бірлесіп республикалық маңызы бар Өскемен – Семей – Нұр-Сұлтан жолының құрылысына рейд жүргізді.

Мониторинг көрсеткендей, осы жолдың құрылысы асфальтбетонды жабынның қабатының қалыңдығын сақтамай бұзушылықтармен жүргізілгені анықталды. Жоспарға сәйкес жол төсемінің қалыңдығы 12 см-ді құрауы тиіс болса, факт бойынша 6 см-ді ғана құраған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің басқарма басшысы Ренат Нәбиев атап өткендей "Жолдарды жөндеу және салу кезіндегі мұндай кемшіліктер жол сапасына кері әсер етеді. Бірінші кезекте мердігер ұйымдар жол төсемінің өмір сүру мерзімі құрылыс сапасына байланысты екенін түсінуі тиіс".

Жыл басынан талдау үшін сынама алу арқылы 61 іс-шара өткізілді, нәтижесінде 31 жағдайда бұзушылықтар анықталды, яғни әрбір екінші жөндеу немесе жол құрылысы әр түрлі бұзушылықтармен жүргізілген.

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

  (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

ШҚО бойынша Департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив