«ANTIKOR.LIVE»: ҚР Жер кодексінің нормалары түсіндірілді

«ANTIKOR.LIVE»: ҚР Жер кодексінің нормалары түсіндірілді

«ADAL KÓMEK» жобасы аясында ШҚО-ның «Антикор орталығында» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин мен облыстың заң консультанттар палатасының заңгері Максим Кузнецовпен бірлесіп ҚР Жер кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша тікелей эфир өткізілді. 

Тікелей эфир барысында, Максим Кузнецов тұрғындар тарапынан жиі сұрақтар туындайтын Жер кодексінің нормаларын түсіндірді, атап айтқанда жер телімдерін алу, ресімдеу және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселелері.

Тікелей эфир соңында спикерлер азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

"ADAL KÓMEK" жобасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен "Еріктілер жылы" аясында іске қосылды, оның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халыққа тегін құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Бүгінгі күні ШҚО-ның тұрғындарына кеңес беруді азаматтық, жер және қылмыстық құқық саласындағы заңгерлер мен адвокаттар және нотариустар жүргізуде. ШҚО қала және аудан әкімдіктерінің, басқармаларының заңгерлері осы акцияға белсенді қатысуда.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив