Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы  Ақпараттық-ағартушылық штаб ұлттық online айтыс өткізеді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы Ақпараттық-ағартушылық штаб ұлттық online айтыс өткізеді

 

Қазақстан тарихында алғаш рет ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Агенттік жанындағы Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабтың бастамасымен халық шығармашылығының қайталанбас сайысы – Айтыс онлайн режимде өтеді.

Айрықша іс-шараға республиканың өңірлерінен 16 суырып салма ақын- қатысады, олардың ішінде Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Сырым Әуезхан, Данияр Алдабергенов, Жұлдызай Маратбекова секілді халықаралық және республикалық айтыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары бар .

Алдағы байқаудың тағы бір ерекшелігі – сайыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың айтуынша: «Өзекті мәселелерді өлеңмен көпшілік алдында айту біздің елдің ежелгі дәстүрі. Біз қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеуді дәріптеу үшін ең тиімді мәдени құрал ретінде қазақ айтысын пайдалануға міндеттіміз».

Жалпы карантин кезеңінде онлайн режимде хабар таратудың шектеусіз қол жетімділігі арқылы барлық қалың бұқара қамтылады деп күтілуде. Жарыс 9 сәуірде басталады, қатысушылардың жеребе тартуы мен жұптарды бөлуден басталады. 9 және 19 сәуір аралығында 1/8, 1/4 және 1/2 финалдары өтеді. Онлайн Айтыстың финалы 2020 жылдың 18 және 19 сәуіріне жоспарланған.

Сайыстың өту барысын барлық ниет білдірушілер штабтың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан көре алады: Facebook-те «Республикалық ақпараттық ағартушылық штаб», Instagram-да және YouTube-те «anticor_shtab_kz» парақшалары.

Жеңімпаздар «Antiсor_shtab_kz» телеграм арнасында онлайн дауыс беру және мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтың төрағалық етуімен қазылар алқасының арасында дауысты пайыздық қатынаста бөлу арқылы анықталады.

Бас жүлдеге «Алтын Орда» авторлық дизайн үйі Tengri эксклюзивті этно-инсталляциясын және «Біз біргеміз» логотипімен кәдесый ұсынады.

Анықтама: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына сілтемелер:

https://web.facebook.com/groups/anticorshtab.kz

https://www.instagram.com/anticor_shtab_kz/

https://www.youtube.com/channel/UCCoZy6C6an6C0y-YE6qvOZg?view_as=subscriber

https://t.me/ripsh_antikor

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив