Алғыс айту күніне орай, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан  полицейлердің  аналарымен кездесті.

Алғыс айту күніне орай, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полицейлердің аналарымен кездесті.

Полиция қызметкерлері Евгений Кретаның анасы – Вербина Ольга Федоровна  және Сергей Павловтың анасы- Павлова Ольга Алексеевнаның үйлеріне барып алғыс айтты.  Елордалық департамент қаза тапқан қызметкерлердің туған-туысқандары мен жақындары туралы және  құқықтық тәртіпті сақтауда олардың жасаған ерлік істерін ешқашан ұмытпайды. Өйткені олардың ұлдары қызметтік міндеттерін орындау барысында өз өмірлерін қиды.

 1997 жылдың 19 сәуірінде Евгениий Крета мен Сергей Павлов екеуі бірге суға батып бара жатқан төрт баланы құтқармақшы болып, бірден Есіл өзеніне түскен. Олар батып бара жатқан балаларға тез жетіп, екі рет жағаға шығаруға тырысқан. Бірақ  көк мұзды ағын су аман қалуға мүмкіндік бермей алты адамның өмірін ала кеткен. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Евгений Крета және Сергей Павлов қайтыс болғаннан кейін  «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.  Департамент басшысы лайықты ұлдарды тәрбиелеп өсірген және ұстамдылық пен  батылдықтың  үлгісі болған ерліктері үшін  аналарға ерекше алғыс білдірді. Сонымен қатар, ол аналарды келе жатқан 8-наурыз мерекесімен  құттықтай отырып, оларға зор денсаулық тіледі және Департамент тарапынан қолдау көрсетілетініне сенім білдірді.

                      

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив