Ақмола облысында студенттердің өмір сүру жағдайы тексерілді

Ақмола облысында студенттердің өмір сүру жағдайы тексерілді

Ақмола облысының Арнайы мониторингтік тобы «AQMOLA – Adaldyq Alańy» жобалық офисімен және «Jas Otan» МК филиалымен бірлесіп, сондай-ақ облыстық мәслихат хатшысының қатысуымен Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің № 2 студенттік жатақханасында тұру жағдайына мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында өрескел бұзушылықтар анықталған жоқ. Ғимараттың әрбір қабатында кір жуғыш машиналар, ас үй жабдықтары, тоңазытқыштар бар. Алайда, қоғам өкілдері жатақхананы тамақ дайындау және ішу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында ас үй жабдықтарымен қосымша жабдықтау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, олардың табиғи тозуына байланысты бөлме аралық есіктерді ауыстыру қажет. Сонымен қатар, студенттік бөлмелерде жеке пайдалануға арналған кереует жанындағы тумбочкалардың саны жеткіліксіз екені анықталды.

Жатақханада бейнебақылау камералары жұмыс істейді, бірақ жедел жағдайды барынша тиімді қадағалау, тәртіпті қорғауды пен студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша камераларды пайдалану қажет. Жатақхана басшылығының айтуынша, бұл мәселе жақын арада шешіледі. Студенттердің өмір сүру қауіпсіздігіне қатысты, жатақханада күзет бекеті жұмыс істейді, ал студенттер мен келушілердің рұқсаттамасы қағаз талондар бойынша жүргізілетінін атап өту керек.

Мониторинг қорытындысы бойынша жұмыс тобы жатақхана әкімшілігіне анықталған кемшіліктерді жою жөнінде бірқатар тиісті ұсыныстар берді.

Бүгінгі таңда студенттік жатақханалардың жетіспеуі мемлекет үшін аса өзекті мәселе болып табылады. Осы мәселені шешу аясында аймақта 2328 орындық 6 білім беру ұйымдарына арналған студенттік жатақхана құрылысы бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетерлік жайт, осы саладағы жұмыс жүйелі түрде жалғасатын болады.

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив