Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер заңнамасындағы жаңашылдықтар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер заңнамасындағы жаңашылдықтар

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау бойынша өкілетті орган болып табылады.

Павлодар облысының Департаментімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың бұзылуының алдын алу және оларды көрсетудің процедураларын жетілдіру бойынша жүйелі түрде жұмыстар атқарылады.

2019 жылдың 25 қарашасындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №272 Заңымен Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына мемлекеттік көрсетілетін қызмет түсінігін кеңейтуг қатысты өзгерістер енгізілді. Егер бұрынғы Заңда: Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі болса, қолданыстағы Заңда «немесе азаматтардың өтініш жасауынсыз» деген тұжырым қосылды, яғни жазбаша өтініш беру міндетті емес, ол бару тәсілі болуы мүмкін, мәселен, дәрігердің қабылдауына немесе дәрігерді үйге шақыртуға ауруханаға жүгіну сияқты.

Өзгерістерге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері алынып тасталып, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акті түсінігі енгізілді.

Заңның 14-бабында  мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің мазмұнына қойылатын талаптар түсінігіне мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі, яғни мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бизнес-процесс, мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің әрекет етуі; мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасауы;   мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасауы кіреді. 

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлеу мерзімі өзгерді. Бұрын стандарт тізілімге өзгерістер енгізлгеннен кейін 3 ай ішінде бекітілсе, заңға тәуелді акт тізілім бекітілген және оған өзгерістер енгізілген күніннен бастап 2 ай ішінде бекітіледі. Оны жария талқылау оның жария талқылау үшін орналастырылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (бұрынғы Заң бойынша стандарт 30 күнтізбелік күн ішінде жария талқыланды).

Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты түсінігі қалады, бірақ ол жеке нормативтік құқықтық акті емес,  мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің қосымшасы және мемлекеттік қызметтерді көрсету талаптарының тізімі болып табылады, сонымен бірге мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын; көрсетілетін қызметті берушінің атауын; мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін; мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін; мемлекеттік қызмет көрсету нысанын; мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін; мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін; көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигін; мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін; мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтиды.

Заңға «бір өтініш» қағидаты түсінігі енгізілді.  «Бір өтініш» қағидаты - бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтер жиынтығын көздейтін мемлекеттік қызметті көрсету нысаны, яғни бір өтініш арқылы бірнеше ілеспе қызметтер ұсынылатын болады.

Проактивті көрсетілетін қызмет түсінігі енгізілді. Проактивті көрсетілетін қызмет – азаматтың бастамасы бойынша ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы СМС-хабарламамен берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет.

Өзгерістерге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту Үкімет құзыреттілігінен мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы уәкілетті органның (Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсіп Министрлігі, бұрын уәкілетті орган ҰЭМ болды) құзыреттілігіне өтті. Уәкілетті орган мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекітеді және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив