Көкшетаулық 100 студент  Жас мемлекеттік қызметшілер мектебін сәтті аяқтады

Көкшетаулық 100 студент Жас мемлекеттік қызметшілер мектебін сәтті аяқтады

 

Бүгін Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің түлектеріне сертификаттар табыстау рәсімі өтті.

Бір ай ішінде 100-ге жуық бітіруші курс студенттері тәжірибелі практиктерден білім алып, мемлекеттік аппарат жұмысымен танысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов өз сөзінде іс-шараға қатысушыларды мектепті сәтті аяқтауымен құттықтады.

«Кез келген адамның өмірінде мамандық таңдаудың маңызы зор. Бүгінде мемлекеттік қызметтің жаңа моделін дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Мектепте оқыту аясында біз сіздер үшін ең қызықты бағдарламаны таңдауға тырыстық. Мемлекеттік қызмет саласындағы негізгі трендтер туралы айтып бердік. Бұдан әрі Сіздер өндірістік тәжірибеден өтесіздер, ал оны ұйымдастыруға өзіміз көмектесеміз. Осы мәселеге мұқият қарауларыңызды сұраймын. Биылғы жылы алғаш рет осыншалықты көп тыңдаушыларды жинағанымыз қуантады» - деп Берген Беспалинов атап өтіп, студенттерге алдағы диплом жобасын қорғауда сәттілік тіледі.

Өз кезегінде университет президенті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик Сағынтай Елубаев Департаменттің студенттердің қосымша білім алуы және жаңа дағдыларды игеруі мәселелері бойынша ынтымақтастығын атап өтті. Оның айтуынша, мектепте оқыту болашақта кәсіби қызметті таңдауға әсер етеді.

Естеріңізге сала кетейік, жас мемлекеттік қызметшілер мектебі дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тартуға, сондай-ақ мемлекеттік органдарда жұмыс істеу дағдыларына ие болуға мүмкіндік береді.

 

Жазира Тоқтар, Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив