СҚО полицейлері еліміздің басты мерекесі қарсаңында ант қабылдап,  марапаттарға ие болды

СҚО полицейлері еліміздің басты мерекесі қарсаңында ант қабылдап, марапаттарға ие болды

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мемлекеттік қызметшілерінің ант қабылдау рәсімінен басталды. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған жас мамандар қызметтік міндетке адал болуына ант берді.  

«Мемлекетіміз бейбіт өмір мен азаматтардың тыныштығын, қауіпсіздігін және олардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ, басты міндеттердің бірі халық пен құқықтық тәртіпті сақтайтын органдардың арасында сапалы қарым-қатынасты қалыптастыру болып табылады. Азаматтардың сенімінсіз бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптастыру мүмкін емес. Сіздер қызметке қабылданған сәттен бастап, өміріңіз бен денсаулығыңызды бәйгеге тіге отыра Тәуелсіздігімізді нығайтуға өздеріңіздің қомақты үлестеріңізді қосып келесіздер. Тек өз елінің патриоты ғана өзге жандардың мүдделерін қорғауға әрқашан дайын болады. Біздің облыстың полиция қызметкерлері бойында осы қасиеттердің барына сенімдімін. Батылдық пен ерлік мемлекет басшылығымен жоғары бағаланады және азаматтардың тарапынан құрметке лайық. Бұл жас қызметкерлер үшін борыш пен антқа адал болудың жарқын үлгісі. Қазақстан полициясы қызметкерлерінің бірнеше ұрпағын тәрбиелеп өсірген ардагерлерге, олардың адал еңбегіне ерекше алғыс білдіргім келеді», - дейді мерекелік іс-шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Руслан Алишев. Ол құқықтық тәртіпті сақтауда ерекшеленген қызметкерлерге облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың марапаттарын табыстады. Құрмет грамотасы Петропавл қ. Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің бастығы полиция майоры Руслан Сыздықовқа табыс етілді. Ол қызмет атқарған жылдары мыңнан астам қылмысты ашып, жүздеген адамға тек жоғалғанын ғана қайтарып қоймай, сенім мен әділдікті, заңның үстемдігін көрсете білді. 

           Марапаттау рәсімін облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев жалғастырды. Еліміздің басты мемлекеттік мерекесімен құттықтай отыра, ол солтүстікқазақстандық полицейлер алдағы уақытта да құқықтық тәртіпті сақтап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өздерінің қызметтік міндеттерін абыроймен атқарады деп сенім білдірді. «Бүгінгі таңда қатарымызда мемлекеттік наградаларға лайықты қызметкерлер баршылық. Соңғы үш жылдың ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен біздің 7 қызметкеріміз «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды», - деп ведомство басшысы атап өтті.

Музыкалық сүйемелдеумен марапаттауға сахнаға 55 полицей және ардагерлер көтерілді. Жеті офицер мен сержант мерзімінен бұрын және кезекті атақтарына ие болды.

         Тайынша ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Дәурен Ыбыраев «полиция подполковнигі» атағын мерзімінен бұрын алып, иығына тақты. «Біздің жұмысымыздағы ең басты награда – ол басшылықтың артқан сенімі. Еңбектің осындай жоғары бағалануы үшін барлық ұжымның күш-жігері қажет. Мен өзімнің әріптестерімнің жұмыстағы көрсеткен нәтижелері мен қолдаулары үшін алғыс айтқым келеді. Баршаңызды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтай отыра, бейбітшілік пен тұрақтылық тілеймін», - деді полиция подполковнигі атағын алған қызметкер. 

         Мерекелік бұйрықпен барлығы 85 полицей марапатталды. Мерекелік іс-шара СҚО Полиция департаменті мәдени орталығының концерттік бағдарламасымен ұласты.

 

 

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив