«Салық әмияны» және Қаржы министрлігінің API қызметтері салық төлеуді жеңілдетеді

«Салық әмияны» және Қаржы министрлігінің API қызметтері салық төлеуді жеңілдетеді

 

2019 жылдың 18 желтоқсанында Astana HUB ғимаратында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асыратын Open API форматындағы қызметтердің, сондай-ақ «Салық әмияны» жүйесінің алдын-ала көрсетілімі өтті.

Салық төлеу кезіндегі қателіктер, негізінен, бірнеше деректемелерді толтыру қажеттігіне байланысты болды. Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің салық төлеу процесін жеңілдету бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2020 жылдың 1 қаңтарында «Салық әмияны» механизмы іске қосылады. Бұл- бір шоттан төлемдерді қабылдау және өңдеу қызметі, салық төлеушінің өтінішінсіз онлайн режимінде есепке алу жүйесі. Іс-шара барысында «Салық әмиянының» жұмысымен Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев таныстырды.

«Көптеген азаматтар салық төлеуде қиындықтарға тап болды. Мысалы, салық төлеуші өзіне қажет мыңнан астам деректемелердің төртеуін - БСК, СТК, бенефициардың БСН және сомасын көрсетуі керек еді. Олардың біреуінің дұрыс көрсетілмеуі бюджетке төлемдердің дұрыс аударылмауына, сәйкесінше айыппұлдар мен өсімпұлдарға алып келетін.

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйелі жұмысының арқасында салықтарды балама түрде «Салық әмиянын» толтыру арқылы төлеуге болады. Бұл қызмет салық төлеушіге оның ағымдағы және алдағы бюджеттік міндеттемелері туралы ақпарат береді. «Салық әмиянынан» түскен ақша автоматты түрде салық міндеттемелері туындаған тиісті салықтарға есептеледі. Сонымен бірге салық төлеудің деректемелері салық төлеуші көрсетпей-ақ автоматты түрде толтырылады, бұл салықтың кепілді жеткізілуін қамтамасыз етеді», – деді Руслан Еңсебаев.

Осылайша, бұл жаңа қызмет бұған дейін қолданылған борыштық төлемдер немесе алдағы төлемдер бойынша қызметтерге қарағанда, қаражаттарды жалпы мәліметтермен толықтыруға, «салық әмиянының» балансынан автоматты түрде ақша аудару опциясын қосуға және төленгені жөніңде хабарлама алуға мүмкіндік береді. Салық әмиянының мобильді нұсқасы ҚР  ҚМ МКК e-Salyq мобильді қосымшасының платформасында жұмыс істейді, сонымен қатар электрондық үкімет порталында (egov.kz) және желтоқсан айының соңынан бастап «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Homebank) мобильді қосымшасында, сонымен қатар 2020 жылдан бастап бұл қызмет Kaspi.kz мобильді қосымшасына енгізілетін болады.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бүгінгі күнгі басты басымдықтарының бірі - қоғам мен бизнесті сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз етіп, барынша ашық қызмет ету. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қызметтерді Open API форматына енгізу, сонымен қатар салық төлеу тәртібін жеңілдететін қызметтерді құру бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда.

Бүгінгі таңда электронды мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мәліметтерді беру бойынша 60-тан астам мемлекеттік қызмет енгізілді. «Электрондық қаржы орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Дархан Биржанов электронды мемлекеттік сатып алу порталының және «Ашық бюджет» қызметтерінің бірыңғай қызметі туралы айтты.

«Қазіргі уақытта Электронды мемлекеттік сатып алу порталының деректерін сараптама құру немесе осы ақпаратқа нарықтың басқа да қатысушыларының қол жетімділігін арттыру үшін пайдаланатын 160-тан астам ұйым тіркелген. Жүйе тапсырыс берушілердің тауарларды жеткізуге, жұмыстарға, қызметтерге қажеттіліктері, оларды шоғырландыру, сатып алу процедуралары, жеткізушіні сәйкестендіру, электрондық келісім-шарттар жасасу және олардың орындалуы туралы мәліметтердің жариялануын қамтамасыз етеді », - дейді Д.Біржанов.

Ағымдағы жылдың басынан бастап, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында «Орталықтандырылған бірыңғай жеке шоттар» АЖ салық берешегі, төленген және алдағы төлемдер туралы мәліметтер ұсыну үшін API қызметтері жарияланды.

ҚР ҚМ МКК Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Бауыржан Жұмакасов осы қызметтер туралы және салық төлеу процесін жеңілдету үшін мемлекеттік органдар мен үшінші ұйымдардың деректер базасымен интеграцияны қамтамасыз ету бойынша комитет тарапынан қандай жұмыс атқарылғаны туралы толығырақ баяндады.

«Мәселен, алдағы төлемдер қызметі салық төлеушілерге алдағы салық сомасын (мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы) білуге және белгіленген мерзімге дейін төлеу мүмкіндігін ұсыну үшін жасалған. Бұл қызмет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің (kgd.gov.kz) және ЖКП (eGov.kz), Kaspi.kz және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ порталдарының платформаларында сәтті жұмыс істейді, - деп атап өтті Б. Жұмақасов.

Қазіргі уақытта 40-қа жуық ұйым (қазақстандық екінші деңгейлі банктер және IT-нарықтың өкілдері) осы API қызметтеріне қол жеткізді, ал олар өз кезегінде API деректеріне негізделген жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесуін жеңілдетуге көмектесетін жаңа қызметтерді ұсынады.

Іс-шара барысында Kaspi.kz, Халық банкі, Uchet.kz, Бірінші несиелік бюро, «Компра» ЖШС, I Коммерция осы API қызметтері негізінде жасалған қызметтері туралы толығырақ айтты.

Барлық қосымша сауалдар бойынша осы нөмерлер арқылы хабарласа аласыз: 87077022030, 87711019985, 75-02-31, электронды пошта мекен-жайы minfingovkz@gmail.com 

 

                               Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив