Инвесторлардың мәселелерін  Бас прокуратура мен KAZAKH INVEST бірлесіп шешеді

Инвесторлардың мәселелерін Бас прокуратура мен KAZAKH INVEST бірлесіп шешеді

3 желтоқсанда Бас прокуратура мен «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Меморандумның  басты мақсаты – инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша прокуратура органдары мен KAZAKH INVEST арасындағы бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыру.

Айта кететін жәйт, инвестициялық ахуалды жақсарту- еліміздегі өзекті  мәселелердің бірі болып табылады. Бизнесті дамыту, оның ішінде шетелдік инвесторларды  қолдау Мемлекет басшысының ерекше бақылауында.

Сондықтан прокуратура органдары кешенді жұмыс жүргізуде.

Осы ретте прокуратура органдарының тікелей қатысуымен мемлекеттік органдарды тексеру 2 есеге азайған. Бизнеске қойылатын талаптар 40% - кеміген. Тексеру  мерзімі 30 күннен 15 күнге дейін, рұқсат беру құжаттарының саны 708-ден 316-ға дейін қысқарды.

Сондай-ақ, 23 құрам бойынша қылмыстық жазалардың мөлшері төмендетілді. Жалған кәсіпкерлік қылмыстық сипаттан арылды.  Сондай-ақ, қылмыстық жауаптылықтың басталу шегі ұлғайтылды, СДТБТ-да тіркеу тәртібі өзгертілді (анықталған залалсыз, тексеру актісіз тіркеуге болмайды).

Атап өтетіні, аталған меморандум инвесторлардың өтініштеріне жедел әрекет етуге айтарлықтай септігін тигізеді.

Бұл өз кезегінде шетелдік инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасауға, еліміздің тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

 

             

            ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив