«Ашық әкімдік» фронт-офисі ашылды

«Ашық әкімдік» фронт-офисі ашылды

 

     21 қараша күні Тарбағатай ауданы әкімдігі ғимаратының 1-қабатынан «Тарбағатай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің «Ашық әкімдік» фронт-офисі ашылды.

 

     Орталықтың ашылуы ауыл тұрғындары үшін маңызды жетістік. Бұдан былай тарбағатайлықтар өзекті мәселелері бойынша кеңестер мен қажетті мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы түрде алатын болды. Салтанатты түрде ашылуына арнайы келіп қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Жігер Еркінбекұлы фронт-офистің атқарушы органдар мен халықтың өзара байланысын арттыруға, тұрмыстық жемқорлықтың жойылуына септігін тигізетінін айтып өтті.

    «Ашық әкімдік» қоғамдық қабылдау форматында да қызмет ететін болады. Егер, мәселенің шешілуі аудан басшысына оның орынбасарларының, бөлім, мекеме басшыларының қатысуын талап етсе, арызданушы 1-қабатта ашылған арнайы бөлмеде қабылданады. Бұған қоса, кеңсе қызметкерлері тұрғындардың ауылдағы тұрмысты жақсартуға бағытталған ұсыныстарын жинақтап, талдаумен де айналысатын болады. Уақытты үнемдеп, бір орында бірнеше кеңес алу тұрғындар үшін қолайлы. Бұл азаматтардың өтініштерімен жұмыстың сапасын арттырады. Әр айға кестеге сәйкес, тұрғындарды қабылдайтын күндер бекітіліп отырады.

   

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив