Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде парасаттық мектебі ашылды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде парасаттық мектебі ашылды

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың қатысуымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Парасаттылық мектебі» ашылды.

Университетте қазіргі таңда жалпы 5300 студент білім алуда. 2017 жылы «Бизнес-Start» инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығы (бизнес-инкубатор) ашылды. Бизнес-инкубатор бүгінгі күнге дейін 85 білім алушылар 25 бизнес-жобаны жүзеге асырып, 14 шағын кәсіпкерлік субъектісі ашылды. Жас кәсіпкерлердің өз бизнестерін бастауға мүмкіндіктер жасалуда.

Соңғы 2 жылда Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғалымдары алған патент саны 50-ді құрайды.  Университет ғалымдарының «Инновациялық жобалар каталогы» дайындалып 500 данасы шығарылып, технологияларды коммерциаландыру бойынша қызығушы отандық және шетелдік мекемелер мен бизнес-құрылымдарға ұсынылған.

Алик Шпекбаев оқу орнының студенттеріне «Парасаттылық сағатын» өткізді. Өз сөзінде: «Біз Сіздер сияқты санасы сергек, ойы орамды, жүрегі жалынды жастардың қолдауымен ғана жемқорлықтан арыла аламыз. Оқуда дана, еңбекте дара, елге пана болыңыздар», - деген тілегін жеткізді.

Қызылорда облысында өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында өңірдегі 293 жалпы білім беру ұйымында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары жұмысын жүргізсе, 32 арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында «Саналы ұрпақ» клубтары құрылған.

Осылайша, жемқорлыққа қарсы 30 мыңнан астам жастың басы біріктірген жоба жүзеге асуда.

Сонымен қатар, Алик Шпекбаев «Адал ұрпақ» еріктілер клубының облыстық штабының белсенділерімен кездесіп, жастарға өмірде жетістікке жету үшін адал еңбек етудің, жас кезден бастап әр жеткіншектің бойына әділеттілік, парасаттылық және адалдық құндылықтарын сіңірудің маңыздылығын айтты.

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив