Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің бас бухгалтері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін күдікке ілінді

Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің бас бухгалтері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін күдікке ілінді

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің» бас бухгалтеріне қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Ол «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша бөлінген 14 млн. 131 мың теңге сомасындағы бюджет қаражатын жеке карта шотына негізсіз аудару жолымен жымқырғаны үшін күдіктелуде.

Күдіктінің өз кінәсін мойындауына, келтірілген шығынды толық өтеуіне, оның және қорғаушысының келу туралы міндеттеме беруіне байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдікті кінәсінің деңгейі туралы соңғы шешімді сот шығарады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив