Жамбыл облысының табиғи ресурстар саласының бірқатар басшылары сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды

Жамбыл облысының табиғи ресурстар саласының бірқатар басшылары сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды

 

Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін күдікті болған Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары М.М.Заурбеков пен облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Қосқұдық ормандарды және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемесінің басшысы Н.Д.Нұрмолдаевқа қатысты қылмыстық істі аяқтаған болатын.

Бір топ тұлға алдын ала келісім бойынша Луговой, Сарысу, Ақыртөбе, Мойынқұм, Бурыл-Байтал ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемелер территориясында орман құрылысы жұмыстарын нақты орындамастан «Шыңбота» ЖШС директоры Н.С.Солтаевқа 6 млн. 221 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражатын аударғаны үшін күдікті болған.

А.ж. 25 қарашасында Тараз қаласының №2 сотымен аталған тұлғалар айыпты болып танылды:

- М.М.Заурбековке – лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін өмір бойы мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды;

- Н.Д.Нұрмолдаевқа – лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану және қызметтік жалғандығы үшін өмір бойы мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды;  

- Н.С.Солтаевқа – бөтеннің ірі көлемдегі мүлкін иемдену және талан-таражға салғаны үшін мемлекеттік қызметке арналған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсету саласында мемлекеттік сатып алумен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив