Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын  есептеу тәртібі және төлеу мерзімі

Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі және төлеу мерзімі

 

Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агентi төлем көзiнен салық салынатын төленетiн кіріс сомасына ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын кірісіне 
20 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.

Заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшесі төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын кірістер бойынша осындай құрылымдық бөлімшесін өз шешімімен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық агенті деп тануға құқылы.

Салық агентi төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын төлем көзiнен салық салынатын кірісті төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн күнтізбелік жиырма бес күннен кешiктiрмей аударуға мiндеттi.

Төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аудару салық агентiнің тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын бюджетке аударуды тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша жүргiзедi.

Салық агенттерi төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомалары бойынша есеп-қисапты төлем көзінен салық салынатын кірісті төлеу жүргізілген тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.

 

 

 

Байқоңыр ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

6 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив