Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің қызметтік  куәлігінің жаңа үлгісін ұсынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің жаңа үлгісін ұсынды

 

21 қазанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Агенттіктің кадр жұмысы департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов Агенттік қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің жаңа үлгісімен таныстырды.

Оның айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде корпоративтік секторда кеңінен қолданылатын HR-стандарттарды жоспарлы түрде енгізу жүріп жатыр.

Біріншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа үлгісін парасаттылық идеологиясының негізінде ілгерілете отырып, өткеннің нышандары мен рәміздерінен арылу өте маңызды. «Қабықша» түріндегі қызметтік куәліктер қоғамда жағымсыз қабылданатыны ешкімге құпия емес, оны теріс пайдалану және бассыздықпен байланыстырылады.

Екіншіден, бұл өте үнемді және функционалды. Жаңа куәліктерді әзірлеу құны ескі үлгіге қарағанда екі жарым есе арзан. Агенттіктің әкімшілік ғимараттарына солар арқылы кіру жүзеге асырылатын болады.

Үшіншіден, барынша сенімді, 6 қорғаныш дәрежесі болғандықтан олардың жалған түрін жасау тәуекелі жоқ. Жалған  қағаз қызметтік куәліктерді жасау фактілерінің жеткілікті екені сіздерге мәлім.  Өкінішке орай, мұндай фактілер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін де айналып өтпеді. Жақында ғана халықаралық іздестіруде жүрген алаяқтың жалған «қабықшаны» пайдаланғаны туралы фактісі анықталды. Осындай алаяқтар өздерін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қызметкері ретінде таныстырып, пайдакүнемдік мақсатта адамдарды адастыру нәтижесінде біздің жұмысымызға нұқсан келтіреді және азаматтардың сенімін бұзады. Қызметтік куәліктерді үй жағдайында әзірлеу, тану немесе баптау мүмкін емес.

Төртіншіден, бекітілген формат халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде пластик ID-карталарды полиция, арнаулы қызметтердің және мемлекеттік органдардың қызметкерлері бұрыннан пайдаланады.

 

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив