Кісі өлімінің құпиясы 21 жылдан соң ашылды

Кісі өлімінің құпиясы 21 жылдан соң ашылды

         2019 жылдың 16 қарашасында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 21 жыл бұрын орын алған кісі өліміне  кінәлі Мойынқұм ауылының 61 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталынды.

           Күдікті өз түсініктемесінде аталған жағдайдың достарымен ішімдік ішіп, ерегісіп қалуы салдарынан орын алғанын мәлімдеді. Ерегіс кезінде күдікті «ИЖ» маркалы 12-ші  калибрлі қарудан оқ атып, нәтижесінде, қарсыласы оқиға орнында қаза болады.

         Тергеу жұмыстарының барысында күдіктінің көрсетуімен үйінің ауласынан жерленген мәйіттің қалдықтары табылды.

         Одан бөлек, күдікті 2013 жылы ерікті түрде өткізу акциясында оқ атылған қаруды Мойынқұм ауданы ішкі істер бөліміне өткізгенін айтты. Өткізгені туралы мәлімет АЕК-на тіркелген.

         Сонымен қатар, ішімдік ішіп отырған көрші бөлмеден оқ дауысын естіген куәгер түсініктемесі бар.

         Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлімімен (кісі өлімі) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

 

Жамбыл облысы Полиция департаменті Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив