Интернет –аляқтық құрбандары

Интернет –аляқтық құрбандары

 Нұр-Сұлтан қаласы ПД криминалдық полиция қызметкерлері елорда тұрғындарын алдап жүрген қымбат ұялы телефондарды сатып алушы 28 жастағы күдіктіні ұстады.

Өз құрбандарын ол интернет-сайттардағы соңғы үлгідегі телефон сату туралы жарнама орнатқан адамдардың арасынан таңдаған.  Көрнекті сатып алушының рөлін ойнап аталған алаяқ кеңседе кездесу туралы келісіп отырған. Кеңселерді де ол жарнама арқылы  интернеттен табатын және оны жалға аламын деп келісіп, сол кеңселерде сатушылармен кездесетін. Кеңседе бола тұра алаяқ құрбандарының сеніміне кіріп, өзінің табысты бизнесі туралы және ұялы телефонды сатып алуға дайын екенін айтатын. Кейін алаяқ телефонды сатушының қолынан алған соң ол ақшаны көрші кабинетте ұмытып кеткенін айтып, қазір әкеліп беремін деп ізін суытатын. Жәбірленушілер ешбір күмәнданбай алаяқты кеңседе күтіп отыратын, ол келмеген соң телефонсыз және ақшасыз қалатын.

Күдікті Нұр-Сұлтан қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қазіргі кезде оның осыған ұқсас 15 фактіге қатыстылығы тексерілуде, алайда алданып қалған адамдардың саны едеуір көп болуы мүмкін.

Егер Сіз алаяқтың әрекетінен зардап шексеңіз төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласыңыз.

8 (7172) 71-62-91, 8 (7172) 71-63-35, 8-747-620-57-93, 8-702-482-22-78 немесе 102

Нұр-Сұлтан қ.ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив