Алик Шпекбаев: «Адалдық алаңы – жобадан жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа дейінгі қадам»

Алик Шпекбаев: «Адалдық алаңы – жобадан жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа дейінгі қадам»

Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында ведомство басшысы Алик Шпекбаев, облыс әкімдерінің орынбасарлары, министрліктердің жауапты хатшылары, азаматтық сектор, жергілікті және орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен ағымдағы жылдың 10 айындағы «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсе қызметінің қорытынды отырысы өтті. Сондай-ақ, жобаның ары қарай даму бағыттары қоғам белсенділерімен талқыланды.

Жобаның басты идеясы – тұрмыстық жемқорлықты жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық идеологиясын ауқымды деңгейде кеңейту бағытталған қоғамдық бақылауды күшейту.

Өткен кезеңде жобалық кеңселерге жүгінген 3 мыңнан астам азамат өзінің бұзылған құқықтарын толығымен қалпына келтіріп, мәселелерін оң шешті.

Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қол жетімділігін арттыру үшін ыңғайлы фронт-кеңселері бар сервистік әкімдіктер ашылуда (аудандық әкімдіктер мен ауылдық округтер деңгейіне дейін), 686 мемлекеттік органдар кабинеттік жүйеден «Open Space» форматына ауыстырылды, 3774 мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары мемлекеттік органдардың бірінші қабаттарына көшуі жүзеге асырылды.

Қоғамдағы сенім атмосферасы – сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоюдың бір тетігі болып табылады. Ол үшін алғашқы қадамдар да жасалған, мысалы еліміз бойынша 4344 «сатушысыз дүкен» бар. Бұл – сатып алушыға деген сенімнің, ал оның тарапынан жауапкершілік пен адалдықты күту.

Сонымен қатар, бюджет қаражатын тиімді бөлу және үнемдеу мақсатында әкімшілік шығындарды азайту жолымен мемлекеттік органдарды, медициналық, білім беру мекемелерін трансформациялау өз жалғасын табуда.

Штат санын оңтайландыру және қайталанатын функцияларды алып тастау жолымен мемлекеттік мекемелерді трансформациялаудың табысты тәжірибесі бар.

Мысалы, Алматы қаласында медициналық мекемелер директорлары орынбасарларының қырыққа жуық лауазымдары оңтайландырылды, соның нәтижесінде бюджетті үнемдеу 116 млн теңгені құрады.

Бүгінгі таңда «Адалдық алаңы» жобасы еліміздің барлық өңірлерінде және орталық мемлекеттік органдар деңгейінде жүзеге асырылуда.

Жақын арада барлық министрліктер мен ведомстволарда «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің ашылуы күтілуде.

Сонымен қатар, квазимемлекеттік секторда: «Адал жол» («ҚТЖ» ҰК АҚ), «Сапалы жол» («Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК), «СК-Фармация – Адалдық алаңы» («СК-Фармация» ЖШС) жобалары өз қызметтерін бастады.

Агенттіктің Төрағасы өз сөзінде, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жақындағы жолдауындағы сөздерін ерекше атап өтті.

«Адалдық алаңы» жобасы мемлекет пен қоғам арасындағы «көпір» дегенді білдіреді, оның арқасында қоғам өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясат жөнінде өз көзқарасын ғана емес, оны іске асыруға тікелей қатыса алады», – деді А. Шпекбаев.

Бүгінде «Адалдық алаңы» жобадан жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа ауысуда.

Іс-шара соңында жобалық кеңселер қызметінің жаңа бағыттары және одан әрі даму перспективалары анықталады.

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив