Бірнеше рет мал ұрлаған барымташы ұсталды

Бірнеше рет мал ұрлаған барымташы ұсталды

Ағымдағы жылдың қазан айында Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне аудандағы шаруа қожалықтардың бірінен екі бас жылқы малының ұрланғаны туралы арыз келіп түсті.

Аталған дерек бойынша облыстық криминалды полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде іске қатысты 1993 жылы туылған Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны ұсталды. Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Сондай-ақ, тергеу барысында күдікті сыбайласымен бірге іздеуде жүрген бір бас бұқа мен бір бас сиырды ұрлағанын да мойындады. Жалпы шығын 700 000 теңгені құраған. Жедел-іздестіру кезінде сыбайласы да ұсталып, қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлімі (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық) және 3-бөлімімен (бірнеше рет жасалған ұрлық ) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 Ұрлану деректері көбіне бақылаусыз қалдырылған жағдайларда орын алады. Осыған орай, Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарды малдарын  қараусыз қалдырмауға  шақырады. Жоғалған жағдайда ішкі істер органдарына жедел түрде хабар берілуі керектігін  ескертеді.

Сонымен қатар, мал ұрлығының алдын алуда ауылдық округтерде, елді мекендерде және ауылдарда шаруашылық малдарын ұйымдастыра өріске шығару қажет. Бұл ретте ауылдық округ әкімдері, мал егелері және малшы арасында үш жақты келісім бекіту маңызды орын алады.

 

Жамбыл облысы  Полиция  департаментінің Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив