«Онлайн алаяқтықпен» жарты миллионнан астам қаржы жымқырған

«Онлайн алаяқтықпен» жарты миллионнан астам қаржы жымқырған

Бүгінгі таңда барлығы электронды үрдіске ауысқан кезеңде алаяқтықтың да «интернеттік» түрлері көбейе бастады. Жеңіл жолмен пайда тапқысы келгендерге ең оңай тәсіл десе де болады. Осының әсерінен  «онлайн –алаяқтардың»  құрбаны болған тұрғындар саны күн санап артып келеді. Ағымдағы жылдың 10 айында Жамбыл облысы Полиция департаментіне интернет пайдаланушыларға қатысты 70-ке жуық алаяқтық дерегі тіркелген. Аталған деректердің қазіргі уақытта 41-і ашылып, кінәлілер анықталды.

2019 жылдың қараша айының басынан «интернет-алаяқтардың» жолын кесу мақсатында  облыстық полиция қызметкерлерімен «Анти Fraut» жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізілуде.  Іс-шара барысында облыс аумағында ақпараттық желіні пайдалана отырып, бір мезгілде бірнеше тұрғынның қаржысын жымқырған азаматтар да анықталды. Мәселен, 1991 жылы туылған Н. есімді күдікті облыс тұрғындарының сеніміне кіріп, жеке басын растайтын куәліктері арқылы онлайн-несие алумен айналысқан. Соның нәтижесінде өз жеке есеп-шотын жарты миллионнан астам қаржыға молайтқан.  Күдікті аталған қылмыстарға қатысты кінәсін  мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

         Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлімі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Ескерту

Әлеуметтік желі алаяқтарының торына түсіп қалмау мақсатында Жамбыл облысы Полиция департаменті ұсынады:

- тауарды қолма-қол алғаннан кейін төлеу, тауарды бейнетүсірілім арқылы тексеріп алу;

- ешкімге банк карталарының реквизиттерін, бір реттік құпия сөздері мен CVV-кодтарын жібермеу;

- әр түрлі сауда орындарындағы сіздің хабарыңыз жоқ қандай да бір ұтыс ойындарынан ұтып алғандығыңызды хабарлап, киви-төлем шоттарына ақша аударуыңызды сұраған белгісіз тұлғаларға сенбегеніңіз жөн. Мұндай акциялар іс жүзінде тегін ұйымдастырылады.  Олай болмаған жағдайда өз қаржыңыздан бір сәтте айырылып қалуыңыз мүмкін.

 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив