Елордалық медиаторлардың сұхбат алаңы

Елордалық медиаторлардың сұхбат алаңы

 

Елордалық Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Медиация тәжірибесі: өзекті мәселелер, тиімді әдістемелер» тақырыбында сұхбат алаңы өтті.

Сұхбат алаңының негізгі мақсаты – медиация институтын дамыту және қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, «Мектеп медиациясы» жобасын жүзеге асыру, Нұр-Сұлтан қалалық сотының медиаторлары жұмысының өзекті мәселелерін талдау болып табылады.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қалалық соттарының, білім басқармасының  өкілдері және қалалық мектептердің әлеуметтік педагогтары, елордалық этномәдени орталықтардың кәсіби және қоғамдық медиаторлары қатысты.

Модератор ретінде қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова сөз сөйледі. Л.Құсайынова бүгінгі сұхбат алаңынын маңыздылығына және ҚХА медиация жұмысына тоқталып кетті. «Іс жүзінде әрбір этномәдени орталықта тіркелген қоғамдық медиаторлар жұмыс істейді. 2019 жылы қоғамдағы жанжал деңгейін төмендету, құқықтық сананы және медиаторлардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 18 іс-шара өткізілді. Қазір біз медицина, кәсіпкерлік және т.б. өмірдің түрлі маңызды салаларына медиацияны барынша енгізіп жатырмыз. Медиацияны насихаттап, оның дамуын ынталандыруымыз қажетпіз», - деді сөз орайында Л.Құсайынова.

Бұдан әрі, дөңгелек үстелді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов жалғастырып, Қазақстандағы кәсіби және қоғамдық медиация жұмысы жайында баяндады. «Мен медиация институтын синхрондау және елдің медиативтік қызметін үйлестіретін бірыңғай орталық құру мәселесін қозғағым келеді. Бүгінгі таңда түрлі қоғамдық және басқа да мекемелер бар. Әрбір мекеменің өз тізілімі бар, ал бірыңғай тізілім әлі күнге дейін жоқ. Бірақ бұл бағытта барлық құзыретті ұйымдар белсенді жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, медиация бойынша мамандарға түрлі талаптар, сондай-ақ аталған мамандардың кәсіби деңгейінің төмендігі айтылған жағдайлар тіркелген. Нақты жұмыстар жүргізіліп жатқандықтан, алда алдағы уақытта осы тұрғыдағы мәселелер шешіледі», - деді Ш. Пулатов.

Сұхбат алаңында сонымен қатар № 26 мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Құрманова, Алматы ауданының бірыңғай қызмет көрсету орталығының басшысы Сергей Крикун, «Qoldau» білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесі ҚБ төрағасы Фарида Эйвазова және тағы да басқа елордалық кәсіби және қоғамдық медиаторлар сөз сөйледі. Ең жас спикерлердің бірі № 26 мектеп-гимназиясының медиатор-волонтері әрі сол мектептің оқушысы Даяна Шайкемелова болды. Ол өз сөзінде сыныптастары мен мектеп оқушыларына медиация сабақтарын өткізетіндігін атап өтті. «Біздің мектепте медиация клубы тұрақты жұмыс істейтіндіктен, оқушылар арасында мәселелер де аз. Егер, жанжал туындаған жағдайда, оқушы өзі қалаған медиаторды таңдап, әрі қарай жалғастыруға құқығы бар. Одан бөлек, мектебімізде сынып сағаттары мен жоғары сынып оқушыларымен әңгімелесулер болып тұрады».

Мамандардың айтуынша, осы уақыт ішінде оқушылар арасындағы мен ата-аналар арасындағы да даулы жағдайлар бірнеше рет қысқарған. Диалог алаңының қатысушылары мектеп медиациясын енгізу тәжірибесімен және нәтижелерімен бөлісіп, сұрақтар қойды.

Айта кетейік, медиация мәдениетін дамыту мақсатында ҚХА 6 медиация кабинеті ашылды. Ол бойынша 11 кәсіби және қоғамдық медиаторлар тіркелді. Қаланың мемлекеттік мекемелерімен және ұйымдарымен медиация саласында өзара ынтымақтастық туралы 15 меморандум жасалды.

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Тел. 48 19 46 / + 7 776 266 47 37 Жансая Играшина

e-mail: kguast@mail.ru

 

 

                                                                                        

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив