Елорданың медициналық қоғамдастығы МӘМС бойынша семинар өткізді

Елорданың медициналық қоғамдастығы МӘМС бойынша семинар өткізді

Нұр-Сұлтан қаласының Наркология және психотерапия орталығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша медициналық қызметкерлерге арналған оқыту семинары өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізуге дайындық бойынша толық ауқымды жұмыстар істеліп жатыр.
Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС коммункациялар жөніндегі Жобалық кеңсемен және «Success К» стратегиялық коммуникация агенттігімен бірлесіп, халық арасында МӘМС сүйемелдеу-кешенді медиалық және PR-ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Бекітілген коммуникациялық жоспарға сәйкес Наркология және психотерапия орталығында қызметкерлерге арналған оқыту семинары өтті. Ақ халаттылар кәсіби бапкерлерден сабақ алып, өзінің негізгі жұмыс орны бойынша басқа медициналық қызметкерлерді каскадтық әдіспен оқытатын болады.
Семинарға «Әлеуметтік медицналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы, «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Астана қалалық филиалы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, тыңдаушы ретінде 175 медициналық қызметкер қатысты.
Ұйымдастырушылар МӘМС негізгі бағыттарын, жеңілдік санаты, ТМККК және МӘМС пакеттерінің мазмұны туралы және басқа да мәселелер жайлы айтты. Сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізген кезде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды.

 

Нұр-Сұлтан қалалық

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив