21 жасқа дейінгі тұлғаға алкоголь өнімін сатқаны үшін  80 АЕК айыппұл

21 жасқа дейінгі тұлғаға алкоголь өнімін сатқаны үшін 80 АЕК айыппұл

 

Ағымдағы жылдың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының учаскелік полиция инспекторы «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы аясында өзінің әкімшілік аумағын тексеру барысында 21 жасқа толмаған азаматқа алкоголь өнімін сату фактісін анықтады. 

Сарыарқа көшесінің бойындағы шағын маркеттің бірінен сатушы этил спиртінің көлемдік үлесі  5%-дан  асатын алкоголь өнімін 21 жасқа толмаған азаматқа сатқан.

Алкоголь өнімдерін жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін шағын маркеттің иесіне ҚР ӘҚБТк-нің 200-ші бабының 1 тармағы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Нұр-Сұлтан қаласының Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен шағын маркеттің иесіне 80 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 1 ай мерзімге дейін алкогольді өнімдерді сату лицензиясы уақытша тоқтатылды.  Сонымен қатар,  лицензияның жоқ болу фактісі бойынша Нұр-Сұлтан қ. Мемлекеттік кірістер Департаментіне хабарлама жіберілді.

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК 200 бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша 280-нен астам факті анықталды.

                                                     

Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив