Білім беру гранттарын бөлу үрдісіне бөгде адамдар араласа алмайды

Білім беру гранттарын бөлу үрдісіне бөгде адамдар араласа алмайды

Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығының (ЦАРКА) өкілдері білім беру гранттарын бөлу рәсімін тексеріп, өз қорытындысын шығарды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» бакалавриат және магистратура бойынша білім беру гранттарын бөлуге жауап беретін ақпараттық жүйенің бастапқы кодтарын ЦАРКА мамандарына тексеруге берген болатын. Тексеру нәтижелері бойынша, гранттарды бөлу үрдісіне бөтен адам араласа алмайтындығы анықталды.

Аталған тексеру гранттарды бөлудің жарияланған нәтижелері бағдарлама берген деректермен толық сәйкес келетінін көрсетті. Осылайша, гранттарды бөлу туралы деректер тізімдер жасалған сәттен бастап нәтижелер жарияланған сәтке дейін өз тұтастығы мен құпиялылығын сақтап қалған деп сеніммен айтуға болады.

ЦАРКА мамандары тізімдерді қалыптастыруға жауап беретін ақпараттық жүйеге бөгде адамдар араласпаған деген қорытындыға келді. Айта кеткен жөн, аталған тексеру жұмыстары барысында 76 009 қатысушы арасында 58 126 грантты тағайындау үрдісі тексерілген.

Анықтама үшін. ЦАРКА - компьютерлік инциденттерге әрекет ететін жеке қазақстандық орталық. Орталық қызметінің негізгі бағыттары -  мемлекеттік органдарға, квази-мемлекеттік сектор ұйымдарына, жеке кәсіпорындарға ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу және практикалық көмек көрсету, Интернет желісінің қазақстандық сегментіндегі ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін анықтау және талдау болып табылады. Бұдан басқа, Орталық Қазақстан Республикасының аумағында зиянды бағдарламалар мен желілік шабуылдардың таралуына байланысты инциденттердің жеке тәуелсіз мониторингін жүзеге асырады.  

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив