Елордалық учаскелік инспектор азаматқа туыстарын табуға көмектесті

Елордалық учаскелік инспектор азаматқа туыстарын табуға көмектесті

 

Құр-Сұлтан қаласы  «Сарыарқа» ауданы ПБ-ның учаскелік полиция инспекторы өзінің әкімшілік аумағын аралау барысында қаңғыбастықпен айналысқан 35 жасар азаматты тексерген. Профилактикалық әңгіме барысында үй-күйі жоқ азамат полиция қызметкеріне осы қалада қарындасы бар екендігін, алайда оның мекен-жайын білмейтіндігін айтқан. Учаскелік инспектордың жедел іс-әрекетінің арқасында азамат  қарындасымен қауышты.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен ағымдағы жылдың қазан айының 6-7 жұлдызында белгілі тұрғылықты жері жоқ, қайыршылықпен және қаңғыбастықпен айналысатын тұлғаларды анықтау, аталған санаттағы адамдар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу мақсатында «Қаңғыбас» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілді.

Тәртіп сақшылары тұрақты мекен-жайы жоқ 5 адамды  туысқандарына тапсырды.

93 адам медициналық-әлеуметтік оңалту орталығына, 290-нан астам адам  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған қайта әлеуметтендіру орталығына жеткізілді, онда орталықтың мамандары  әлеуметтік, медициналық және заңгерлік көмек көрсетеді.

 

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив