Қоғам игілігі үшін кешенді әлеуметтік заң көмегі.

Қоғам игілігі үшін кешенді әлеуметтік заң көмегі.

 

Әділет органдары тиімді құқықтық қорғаумен, сондай-ақ мемлекеттік және заң қызметтерімен қамтамасыз етілген дамыған азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін құқықтық мемлекет қағидаттарына сәйкес дәйекті жұмыс жүргізуде.

Адвокаттық қызмет жүйесін кешенді жетілдіру және халыққа заң көмегін көрсету бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығын іске асыру кезінде азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге, сондай–ақ оны көрсету тетіктерін жетілдіруге бағытталған "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" заң (бұдан әрі-Заң) әзірленді және қабылданды.

         Заңда  pro bono (лат. "pro bono" - қоғамдық игілік үшін) негізі бойынша кешенді әлеуметтік заң көмегін  көрсету қағидасы қалыптасқан.

         «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 19 бабының 2 тармағында (бұдан әрі–Заң) көрсетілген халықтың осал топтарына заң көмегін сұрап өтініш жасаған кезінен бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен іс бойынша қорытынды құқықтық шешім қабылданғанға (құқықтық жағдай шешілгенге) дейін құқықтық қолдап отыруды білдіретін өтеусіз заң көмегін шартқа сәйкес көрсету кешенді әлеуметтік заң көмегі болып табылады.

         Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету әлеуметтік жауапкершілікті іске асыру нысандарының бірі болып табылады және ерікті түрде жүзеге асырылады.

         Осылайша, қазақстандық заң практикасына халықтың осал топтарына көмектесу үшін кешенді әлеуметтік заң көмегін енгізу тегін әрі жоғары білікті заң көмегіне қол жеткізе алатын мүмкіндік туған Қазақстан Республикасы азаматтарының өз пайдасына ғана емес, сондай-ақ заң қоғамдастығының өзіне де пайдалы.

         Мұндай тәжірибе заңгерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттырады. Заң қызметтеріне халықтың қол жетімділігін арттырады, бұл ретте заңгерлердің өздерін көтермелеу мен жеңілдіктермен ынталандырады.

         Прогрессивті халықаралық тәжірибені енгізу қазақстандық заң жүйесін одан әрі жаңғыртуға ықпал ететін болады.

         Осылайша, кешенді әлеуметтік заң көмегі шетелдік тәжірибесі бірінші кезекте халықтың осал топтарына, өзіне заң көмегін бере алмайтын тұлғаларға бағытталған.

         «Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 45 қаулысымен адвокаттардың, заң консультанттарының жоғары кәсіптік шеберлігі мен кешенді әлеуметтік заң көмегінің көрсетуге елеулі үлес қосқандығы үшін мемлекеттің ынталандыруы шаралары көзделген.

 

Жумин Жақсылық Жанатұлы

Әділет департаменті

Ақтөбе облысы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив