«Jas sarbaz – Jastar jylynda»  жобасы күзгі әскери-патриоттық ойындарының ашылу салтанаты

«Jas sarbaz – Jastar jylynda» жобасы күзгі әскери-патриоттық ойындарының ашылу салтанаты

 

2019 жылғы 2, 3, 4 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қ., 68665 әскери бөлімінде «Жастар жылына» орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» ресурстық орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен Елордамыздағы жалпы орта білім бетерін ММ-дің үздік «Жас сарбаздықтарының» қатысуымен «Jas sarbaz – Jastar jylynda» күзгі әскери-патриоттық ойындары өтеді.

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы жолдауында әскери-патриоттық тәрбиеге аса қатты мән берген болатын. Осыған орай Елбасының бастамасымен елімізде «Жас сарбаз» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Бүгінде мемлекетіміздің барлық аймақтарында «Жас сарбаз» қозғалысының маңыздылығы жайлы ақпарат кеңінен насихатталуда.  Елбасы өз сөзінде «Біз отанымызды қорғай алмасақ, шекарамыздың шебінде тұра алмасақ еліміз өсіп өркендемейді. Істеп жатқан шаруаның барлығы жастар үшін, болашақ үшін.» - деген болатын, сондықтан біздер үшін «Жас сарбаз» жобасын жүзеге асыру ең басты мақсат.

Бұл жоба іске асырылып келеді де. 2019 жылдың қаңтарында «Жас сарбаз» қозғалысына қатысушыларының саны 74 602 адамды құраса 20 шілдеде 174 471 адамнан асты. Жарты жылдың ішінде 99 869 «жас сарбаз» қатарға қосылды.

Жоба аясында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша әртүрлі 516 ісшара өткізілді. Оларға 500 000 астам жастар қатысты.

 

«Jas sarbaz – Jastar jylynda» жобасы аясында өткізілетін іс-шаралар:

-Жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында спорттық марафон – Елорда жастары арасында спортты насихаттау, ерік-жігерді тәрбиелеу, олардың арасынан үздіктерді анықтау. Физикалық және рухани тұрғыдан дамыған адам ғана елін-жерін емін еркін қорғай алады. Спорт физикалық дамудың, бірқалыпты тәртіптің, жігерліліктің басты кепілі болып табылады.

- Ауған соғысы ардагерлерімен және Халық қахармандарымен кездесу ұйымдастыру –Өз елінің тарихын жете білу, мемлекетіміздің әрбір тұрғынының міндеті. Жасөспірім жастардың тарихымызды біліп өсуі олардың өткені мен болашағына деген көзқарастарын өзгертіп жаңа ойлар ашады. Іс-шараның негізгі мақсаты - Ауған соғысы ардагерлерінің алдында құрмет сезімін ояту. Халық қахармандарының жігер мінездерін жасөспірім жастарда дамыту. Дәл осындай кездесулер арқасында, жасөспірімдер тарихтың қағаз бетіне түспеген ақиқаттарын түсініп біле бастайды.

- Әскери-патриоттық әндер байқауы – Жас сарбаз тәрбиеленушілерінің шығармашылық тәрбиесі. Интеллектті дамыту, жаңа таланттарды ояту.

-«Jas sarbaz-Jastar Jylynda»күзгі әскери-патриоттық ойындары –   Нұр-Сұлтан қаласындағы Жас Сарбаздықтардың ең үздік тәрбиеленушілерін жинау, әскери патриоттық ортаға біріктіру, үздіктердің үздігін анықтау.

 

 

Бүгін оқуушылар арасындағы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жас Сарбаздықтардың» үш күндік күзгі әскери-патриоттық ойындары мен жарыстары басталды.

Қатысышулармен сәлемдесуден кейін алаңға Мемлектеттік Ту енгізіліп, Әнұран айтылды.

         Қатысышуларды құттықтау сөздерімен:

  • Нұр-Сұлтан қаласының мәслихат депутаты Тулеутаев Мухтар Есенжанұлы,
  • Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері департаменті басшысының орынбасарлары подполковник Сагынбеков Айдын Айтбайұлы мен капитан Жүсіпов Ерболат Мүбаракұлы
  • Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары Жұмағұлов Жүсіп Рахатұлы сөз сөйледі.

Ісшараның концерттік бөлімінде құрмет қараул ротасы қарумен дефиле орындап, барлаушы-десантшы бөлімшесі қома-қол ұрыстың тәсілдерін көрсетіп көрермендерді тәнті етті.

 Соңынан оқушыларға әскери бөлім бойынша экскурсия ұйымдастырылып, сарбаздар асханасы, казармалар, техника мен қару-жарақ үлгілерімен таныстырылды.

«Жас сарбазшылар» әскери қызметкерлер тіршілігінен көптеген қызықты мағлұматтар алып, техника мен қару-жарақ үлгілері бойынша танымдарын тереңдетті.

Ертең әскери-спорттық ойындар мен жарыстар өткізіледі.

4 қазанда күзгі әскери-спорттық ойындар мен жарыстар жеңімпаздарын анықтап жарыс қорытындысын шығару күні.

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив