Жастар – еліміздің болашағы

Жастар – еліміздің болашағы

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты, құқықтық сана принциптерін қалыптастыру, сондай-ақ тәжірибе алмасу мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесу ұйымдастырды. Сондай-ақ, бұл кездесуге ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысты.

Кездесуге қатысушылармен әңгімелесе отырып, Департамент басшысы Мұрат Төлебаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты үрдісі болып табылатынын атап өтті және ЖОО оқытушыларын формальды тәсілден бас тартуға, сапалы білімге ерекше көңіл бөлуге шақырды..

«Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік танытатын жастар - еліміздің табысты дамуының кепілі. Егер сендер адал, сыбайлас жемқорлықтан азат елде тұрғыларың келсе, тек өз күш-жігерлеріңмен, парасыз сәттілікке қол жеткізулерің керек» - деді Мұрат Төлеубаев.

Журналист, жазушы, драматург, «Ақмола-Тіршілік» ЖШС директоры Жабал Ерғалиев жастарға өз тілектерін білдіріп, ақыл айтты. Ол жастарды ұлттық дәстүрлерді құрметтеу рухында тәрбиелеу парасатты азаматтарды қалыптастырудың кепілі деп санайды.

«Соңғы жылдары жастарды өз қызметіне тартатын түрлі діни ағымдардың жандануы байқалады. Интернет арқылы түрлі адамдар жасырын түрде кез келген ақпаратты тарата алады. Мұндай жағдайда тек рухани бай адам ғана жағымсыз құбылыстарға қарсы тұра алады, өзінің жеке басының үздік қасиеттерін бағалай алады және молайта алады. Жастар өз тарихын зерттеп, танып білуі және өз елінің патриоты болу керек» - деп Жабал Ерғалиев атап өтті.

Кездесудің бейресми және еркін түрі ашық диалогқа ықпал етті. Талқылау барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады, еркін түрде өз пікірлерін білдірді. Бірқатар студенттер мен оқытушылар бастамашылық ұсыныстар енгізді. Мысалы, бірінші курс магистранты, университет жанындағы «Саналы ұрпақ» клубының көшбасшысы Амангелді Бекнұр студенттердің үлгерімі мен мінез-құлқын бақылауды күшейтуді ұсынды. Ол студенттерді тәрбиелеуге тиісті көңіл бөлу болашақ парасатты азаматтардың қалыптасуына ықпал етеді деп санайды.

Өз кезегінде тәрбие ісі жөніндегі проректор Аманай Сейтқасымов кездесу қонақтарын университет қабырғасында өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар туралы хабардар етті. Қазір ЖОО-да адалдық дүкені, «Саналы ұрпақ» клубтары жұмыс істейді, адалдық пен парасаттылық қағидаларын қалыптастыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі, сондай-ақ «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің филиалын ашу жоспарлануда.

Кездесу соңында Мұрат Төлеубаев қатысушыларға көп бастамалар тіледі және барлық ұсыныстар қаралатын болады деп уәде берді.

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив