Елордалық полицейлер ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысын шығарды.

Елордалық полицейлер ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысын шығарды.

Елордалық Полиция департаментінде 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы, тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі және алдағы кезеңге қойылған міндеттері туралы кеңес өтті.

Елордалық Полиция департаментінің басшысы полиция полковнигі Ержан Саденовтің ақпараты бойынша барлық қылмыс түрлері бойынша төмендеу тенденциясы байқалады. Осылайша, ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша қылмыстылық деңгейі төмендеген,  ауыр және аса ауыр қылмыстардың жалпы саны, сондай-ақ қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын ұрлықтар мен қылмыстардың саны қысқарған.

Ішкі істер органдарының алдына қойылған басымды міндеттердің бірі халықтың полиция қызметіне деген сенімін арттыру болып табылады. Қорытынды жедел кеңес барысында Ержан Саденов:  «Біз халықпен жұмыс жасаудың жаңа форматын іздеуге тиіспіз. Ашықтық және жариялылық –  біздің халықпен жұмыс жасаудың қазіргі үлгісі болып табылады деп атап өтті.

Сондай-ақ  елордалық полиция басшысы жедел кеңеске қатысушылардың  назарын маңызды бір аспектіге,  атап айтқанда полицейлермен жұмыс бойынша ұсыныстары және қызметкерлердің әрекетіне шағымдары бар  халықтан келіп түсетін арыздармен жұмыс жасау керек екеніне  аударды.  «Біз үшін ең бастысы елорда халқының біздің қызметке беретін бағасында» . Әрбір арыз менің жеке бақылауымда болады,-деп атап өтті елордалық полиция басшысы.

Халықпен байланыста болудың тиімді әдістерінің бірі – фронт-кеңселердің жұмысы, олар бүгін де Нұр-Сұлтан қаласы ПД барлық аумақтық Полиция басқармаларында ашылған және тиімді жұмыс жасауда.

Сонымен қатар 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы, тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі және алдағы кезеңге қойылған міндеттері туралы кеңес барысында Департамент бөліністерінің басшылығы алдында құқық бұзушылықтың, оның ішінде жасөспірімдер қылмысының алдын алуға, ұрлыққа қарсы іс-қимыл жасауға, есірткі қылмысымен күресуге, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты нақты тапсырмалар қойылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге,  ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік этика нормаларын сақтауға ерекше назар аударылды.

 

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив