Цифрлық агент: ақмолалықтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына 1152 рет оң баға берді

Цифрлық агент: ақмолалықтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына 1152 рет оң баға берді

Ақмола облысында «Цифрлық агент» ұялы бағдарламасы арқылы үстіміздегі жылдың ішінде азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына 1168 рет баға берді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Әділбек Мұхамеджановтың айтуынша, барлық өтініштер ішінде теріс баға берілген шағымдардың үлесі 16 немесе 1,3% құрайды. Олардың ішінде 8 шағым тестілеу режиміндегі бағдарламаны әзірлеушілердің берген бағасы. 4 шағым бойынша теріс баға берудің себептері болған мәселелерді шешуге ықпалдастық көрсетілді. Қалған 4 шағым қателіктен жіберілген.

Осыған қарамастан, келіп түскен өтініштердің 1152 немесе 98,7% оң баға болуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын көрсетіп отыр.

Естеріңізге салар болсақ, бүгінгі таңда әрбір азамат «Цифрлық агент» ұялы бағдарламасы арқылы онлайн режимде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына баға беріп, өзінің пікірін қалдыра алады.

«Ол үшін смартфонға «Цифрлық агент» ұялы бағдарламасын орнатып, ұялы телефон нөмірі арқылы тіркелу қажет. Қазіргі уақытта бағаны Халыққа қызмет көрсету орталықтарына, Қарды министрлігінің, Еңбек министрлігінің, сонымен қатар сот органдарының аймақтық құрылымдарына беруге болады. Барлық мемлекеттік органдарды осы бағдарламаға енгізу жұмыстары әлі жүргізілуде» - дейді Әділбек Мұхамеджанов.                    

Аталған бағдарлама арқылы баға бергеннен соң 2 минут ішінде бағаланған мемлекеттік органның қызметкерлері хабарласып, шағымданушының білдірген мәселесі бойынша тиісті шаралар қабылдайды.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив