Браконьерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылуда

Браконьерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылуда

Жамбылдық полицейлер, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізуде.

Ағымдағы жылдың бес айында Тараз қаласының ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобы заңсыз немесе тыйым салынған жерлерде балық аулаумен, балық және балық өнімдерін заңсыз сату және тасымалдаумен байланысты 28 құқық бұзушылық дерегін  анықтады.

Тыйым салынғанына қарамастан, Талас өзенінде жүйелі рейдтік іс-шаралар барысында 22 құқық бұзушы ұсталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жалпы сомасы 404 000 теңге айыппұл салынды.

Аталған кезеңде Тараз қаласының сауда орындарында заңсыз балық сату мен тасымалдаудың жолын кесу бойынша бірқатар рейдтік іс-шаралар өткізілді. Нәтижесінде заңсыз балық тасымалдаумен және сатумен айналысатын 6 адам анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды. Олардан заңсыз сатуға тасымалданатын 194 келі  балық тәркіленді, іс сотқа қарау үшін жіберілді.

Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарына белгілі бір мерзімнен бастап Талас өзеніндегі балықтарды аулауға тыйым салынатынын еске саламыз. Тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив