Ақмолалық мемқызметшілер республикалық деңгейде үздік мемлекеттік қызметші атағы үшін күреседі

Ақмолалық мемқызметшілер республикалық деңгейде үздік мемлекеттік қызметші атағы үшін күреседі

«Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауының Ақмола облысындағы қатысушылары өңірлік комиссиямен әңгімелесу кезеңінен өтіп, өздерінің жобалық жұмыстарын таныстырып өтті. Комиссия ұсынылып отырған жобаның мән-мақсатының ашылуын, мәселенің сипатталуын, жүзеге асырылу кезеңдерін және ұсынылатын нәтижелерін бағалады.

«Өңірлік байқау комиссиясы құрамына мемлекеттік қызмет ардагерлері, облыстық мәслихат депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кірді» - деп Өңірлік байқау комиссиясының мүшесі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов мәлімдеді.

Байқауға қатысушылар өздерінің жобалық жұмыстарын дайындау кезінде халықаралық тәжірибені ескеріп, мемлекеттік қызметшілер мен халық арасында әлеуметтік зерттеулер жүргізді. Жобалар мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шешімдер ұсынады.

Ендігі кезекте облыстық кезеңнің жеңімпаздары республикалық дәрежеде Ақмола облысының намысын қорғайды.

Естеріңізге сала кетсек, Ақмола облысында іріктеу кезеңіне 42 мемлекеттік қызметші қатысты. Қатысушылардың 43% - аудандық және ауылдық дәрежедегі мемлекеттік органдардың өкілдері. Өңірлік кезеңде байқау 2 бағалау үдерісінен тұрады. Біріншісі – ҚР стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын білуіне тест тапсыру. Бұл кезеңнен 11 қатысушы сүрінбей өткен.

Аталған байқау жыл сайын мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың алдыңғы қатарлы тәжірибесін тарату, жоғары білім мен дағдыларға ие мемлекеттік қызметшілерді анықтау және көтермелеу, оларды уәждемелеу мақсатында жыл сайын өткізіліп отырады.

 

МҚІСЖҚА Ақмола облысы бойынша департаментінің

 баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив