Ақмола облысында қажеті жоқ анықтамаларды сұрату фактілері анықталды

Ақмола облысында қажеті жоқ анықтамаларды сұрату фактілері анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың басшыларымен және бақылау қызметін атқаратын жұмысшылармен кездесу өткізіп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мәселесін талқылады.

Департамент басшысы Берген Беспалиновтың айтуынша, басты мақсат – мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мобильді түрге ауыстыру, азаматтарды электронды қызмет алуға үйрету болып табылады, себебі бұл жемқорлықтың алдын алып қана қоймай, жұмысшыларға түсетін ауыртпалықты азайтады.

Жиын барысында мектепке қабылдау барысындағы арнайы стандарттармен көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері талқыланды. Мысалға, жеке дара білім беру ұйымдарында әлі күнге дейін мекен-жай анықтамасын және учаскелік дәрігердің анықтамасын сұратып келеді. Бұл қолданыстағы заңнаманың талаптарына қайшы.

«Құқық бұзушылықтардың негізгі себептері қызметтердің қағаз түрінде көрсетілуінде, және азаматтардың құқықтық сауаттылығы деңгейінің төменділігінде. Көптеген азаматтар қандай анықтамаларды беруге міндетті емес екендерін білмейді» - деп Департаменттегі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Әділбек Қайырболатұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, дәл осындай құқық бұзушылықтар өткен жылы өткізілген бақылау шаралары барысында анықталып еді, бірақ өкінішке орай жеке дара ұйымдардың басшылары өздері үшін қорытынды жасамай, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бұзуда.

Оған қоса Ақмола облысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80% денсаулық сақтау саласы ұйымдарымен көрсетілетіні, бірақ бүгінгі таңда Денсаулық сақтау басқармасында бұл қызметтердің сапасын қадағалайтын құрылымның жоқтығы айтылды. Аталған жағдай да жалпы қызметтердің сапасына ықпал етеді. Дәл осындай құрылым Ақмола облысы білім басқармасында да жоқ екен.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ұдайы арттырып, оларды көрсету үдерісін тұрақты түрде дамытып отыру қажет. Азаматтарға қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты сапалы жеткізу қажет. Сонда ғана біз азаматтардың бізге деген сенімін арттырып, жемқорлық деңгейін төмендетеміз. Бұған еш бөгет жоқ, қалауымыз болса болды» - деп Берген Беспалинов ескертіп өтті.

Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік органдарға электронды түрде көрсету мүмкіндігі бар қызметтерді қағаз түрінде көрсетуді тоқтату, қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандырудың барлық құралдарын тиімді қолдану, әлеуметтік желілерде жұмыс істеу сияқты ұсыныстар енгізілді.

 

МҚІСЖҚА Ақмола облысы бойынша департаментінің

 баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив