Бағыныштылардан сыйлықақы жинауда әшкереленген Алматы қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының лауазымды тұлғалары сотталды

Бағыныштылардан сыйлықақы жинауда әшкереленген Алматы қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының лауазымды тұлғалары сотталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаментімен Алматы қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталған болатын.

Алматы қаласының №2 Медеу аудандық сотының үкімімен Алматы қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы И. Дзигалюк, батальон командирі А. Арашев, оның орынбасарлары Б. Нысанбаев және А. Орынбаев бөлімнің жеке құрамынан жалпы сомасы 22 млн. теңге болатын сыйақы төлемдерінің жарты бөлігі ретіндегі ақшалай қаражат жинауда көрініс тапқан лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалануда кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен И.Дзигалюк, А.Арашев, Б.Нысанбаев және А.Орынбаев мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекет үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдарда, сондай-ақ ұлттық компанияларда және холдингтерде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеуге тартылды.

Сотталғандар сондай -ақ 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды және арнайы полиция атақтарынан айырылды.

 

ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив