Цифрлық қала – болашақ қасымызда

Цифрлық қала – болашақ қасымызда

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Ақмола облысынағы Smart Aqkol жобасының іске асырылу барысымен танысты. Заманауи «Smart city – Ақылды қала» технологияларын енгізу бойынша пилоттық жоба «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылған.

Атқарылған жұмыстың маңыздылығын көрсете отыра, Алик Шпекбаев цифрландыру саласында жүзеге асырылатын жобалардың бірінші кезекте халықтың өмір сапасын арттыруға, қолайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталғанын атап өтті.

Smart Aqkol жобасы «Қазақтелеком» АҚ инфрақұрылымдық операторымен, Tengri Lab компаниясымен және «Еуразиялық топпен» іске асырылған. Оның бастым мақсаты – қалалық қызметтердің жұмысын бақылау үшін ақпараттық ағындарды агрегаттау негізінде «ақылды қаланың» тұжырымдамалық моделін құру. Ақылды қаланың құрамына инфрақұрылым, кіріктірілген жүйелер, есептеуіштер желісі және деректерді бақылау, талдау элементтері кіреді.

Сапар барысында Агенттік төрағасының назарына тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты қашықтықтан басқару, қаланың өмір-тіршілігін қамтамасыз ету, жол қозғалысын басқару және үйлестіру, экологиялық жағдайды қадағалау технологиялары ұсынылды.

Барлық мәліметтер диспетчерлік залы, мониторинг жүргізуге арналған бейнежүйесі, бейнеконференцбайланыс жүйесі, call-орталығы орналастырылған ахуалдық орталыққа келіп түседі. Бұл орталық ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру, қаладағы тактикалық және стратегиялық өмірді басқару бойынша шешімдерді көрсету, коммуналдық қызметтерді басқару, қалалық ресурстар туралы сенімді және уақтылы деректерді жинақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. Деректерді жинау және өңдеу бункерлік типтегі «Қазақтелеком» АҚ деректерді өңдеу орталығында жүргізіледі, ал бұл қауіпсіздік пен тұрақты жұмыс істеудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету тұрғысынан бірегей болып табылады.

Ақкөлде ТМД елдерінде баламасы жоқ бірегей технологиялық шешімдер қолданылғанын атап өту керек. Ақкөл коммуналдық қызметтердің барлық тұтынушысы толықтай цифрланған Қазақстандағы ең алғашқы қала болып табылады. Жасанды зерде жүйесіне негізделген платформаның аналитикалық мүмкіндіктері ауа райы жағдайларына тәуелділікті, атмосфералық ауаның нашарлауын, үйдегі, пәтердегі температураның төмендеуін, ауруханаларға барудың артуын, мектептегі үлгерімді, қалалық қазандықтың жұмыс сапасын анықтауға септігін тигізеді.

Оған қоса, Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін Smart city арқылы интеграциялауға ұсыным берді. Оның айтуынша, бұл мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды форматқа ауыстыру үдерісін жылдамдатып, олардың сапасын арттырады.

 

МҚІСЖҚА Ақмола облысы бойынша департаментінің

 баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив