Алик Шпекбаев «Ақмола – адалдық алаңы» жобасының барысымен танысты

Алик Шпекбаев «Ақмола – адалдық алаңы» жобасының барысымен танысты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Ақмола облысына іс-сапары барысында Ақкөл ауданының белсенділерімен кездесу өткізді. Кездесуде Ақмола облысы әкімінің орынбасары, «Ақмола – адалдық алаңы» жобасының кураторы Қанат Идрисов тұрмыстық жемқорлықты азайту және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жобаны іске асырудың нәтижелерімен таныстырды.

Маңызды жаңашылықтардың бірі, оның айтуынша, балаларды мектептерге қабылдау және реттеу бойынша aqmola.kz жүйесін одан әрі жетілдіру, сол арқылы аталған үдерістің ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл шара балаларды бірінші сыныптарға іріктеу барысында туындайтын тұрмыстық жемқорлық тәуекелдерін жойып отыр. Бұған дейін мектептің әкімшілігімен келісу арқылы сыныптарды өз қалауынша қалыптастыру, немесе белгілі бір балаларды «мықты» сыныптарға, беделі және кәсіби дәрежесі жоғары мұғалімдерге беру тәжірибесі болған.

«Кез-келген ата-ана өз баласын зор еңбегі сіңген және беделі жоғары педагогтарның сыныптарына, басқа сөзбен айтқанда «қажетті» сыныпқа орналастыру мүмкіндігіне ие болып, қалған сыныптар болса қалдық қағидаты бойынша құрылды. Бұл ата-аналардың да, мұғалімдердің де наразылығын тудырды. Осыған орай жобалық кеңсе аталған жаңашылдықты енгізуді жөн көрді. Бүгінгі таңда балаларды сыныптарға іріктеу үдерісі автоматтандырылды» - деп Қанат Идрисов мәлімдеді.

Сонымен қатар жобаның кураторы Агенттік Төрағасын жобалық кеңсенің құрамымен таныстырды. Қазіргі уақытта жобалық кеңседе 13 адам жұмыс істейді. Ол түрлі салалардан шыққан, азаматтық және мемлекеттік секторлардың өкілдері. Сонымен қатар жобаның әрбір бағыты бойынша жобалық топтар мен сарапшылар кеңесі жұмыс істейді. Оларға шамамен 60 астам қоғам өкілдері тартылды. Оған қоса әрбір ауданда және облыстық маңызы бар қалада жобаны жергілікті жерлерде іске асыру үшін жауапты азаматтық және мемлекеттік қызметшілер бар. Осылайша, бүгінгі таңда  «Ақмола – адалдық алаңы» жобасы өз ортасына жемқорлыққа қарсы барлық бастамаларды біріктіріп, барлық қоғам тартылған жемқорлыққа қарсы қозғалыстың орталығы болып табылады.

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында дәрісшілер топтары құрылып, жыл басынан бері 200-ден астам ақпараттық кездесулер өткізді. Облыстың шалғайдағы аудандарында азаматтарды қабылдау жүргізіліп отырады. Instagram әлеуметтік желісі арқылы азаматтарды тікелей эфирде қабылдау тәжірибесі жағымды қоғамдық резонанс тудыруда.

Білім беру мекемелерінде, мемлекеттік жергілікті атқару, құқық қорғау, сот органдарында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында 275 адалдық дүкені жұмыс істейді. Оpen space технологиясы кеңінен енгізіліп келеді. Мемлекеттік органдарды трансформациялау іске асуда. Мысалға, Ақкөл ауданының әкімі бірінші қабатқа көшті. Жоба бағыттары бойынша сауалнамалар, экспресс-сауалнамалар өткізіледі. Аймақтық жоғары оқу орындарын академиялық адалдық бірлестігіне кіргізу бойынша жұмыс атқарылуда.

Кездесуді қорытындылай келе Алик Шпекбаев жемқорлыққа қарсы күресте алдын алуға басты көңіл бөліп, адалдық, сатылмаушылық, әдептілік және парасаттылық ұстанымдарын дәріптеу керектігін атап өтті. Сонымен қатар жемқорлықты жоюдағы қоғамның салмақты рөлін атап өтті.

«Азаматтық қоғамның, бизнес-қауымдастықтың және қоғам өміріне бей-жай қарамайтын азаматтардың шоғырлануы арқасында еліміздегі жемқорлықпен күресу жағдайы әлдеқайда өзгеруде. Бұл азаматтық қоғамның арқасы, себебі олар барлық құқық бұзушылықтар жөнінде хабарлап, ақпараттандырып отырады. Бүгінгі таңда барлық құқық қорғау органдары құқық бұзушылықтар бойынша тиісті жұмыстар атқаруда. Заң алдында бәрі тең» - деп Алик Шпекбаев атап өтті.

Сонымен қатар Агенттік төрағасы жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы жағдай жасау сияқты ортақ мақсатты көздейтін «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Арнайы мониторингтік топтың күшін біріктіруді тапсырды.

 

МҚІСЖҚА Ақмола облысы бойынша департаментінің

 баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив