Ақмола облысында МИ-26 тікұшағы орман өрттерін сөндіреді

Ақмола облысында МИ-26 тікұшағы орман өрттерін сөндіреді

Ақмола облысы аумағында өрт қаупі бар кезеңнің басталуына байланысты, сондай-ақ өңірдің орман қорын өрттен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласынан ауыр, көп мақсатты МИ-26 көлік тікұшағы көшірілді,- деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

«МИ-26 тікұшағының көмегімен Біз апат орнынан зардап шеккендерді шағын алаңдарда ұшу және қону мүмкіндігімен шұғыл эвакуациялай аламыз. Сондай-ақ автокөлікті, арнайы техниканы, медбригаданы, жанар-жағармайды жеткізу, өрт сөндіру, соның ішінде біршама текше метр су жинайтын штаттық аспалы сыйымдылықты қолдану арқылы жанудың қиын көздерін сөндіруді жүргіземіз», - деді,- Ақмола облысы ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы Асхат Акильжанов.

Ең көп дегенде 3-4 тонна су алатын басқа тікұшақтарға қарағанда МИ - 26 өрт ошағына 15 тонна су лақтыратындығын айта кету керек. Осылайша, тікұшақ борты сегіз гектарға жуық учаскеде жұмыс істейді. Жарық күні ішінде от аймағына 300 тоннаға дейін су төгуі мүмкін. МИ-26 ұшып келіп, Көкшетау қаласына орналасты, бірінші қажеттілік кезінде құтқарушылар ұшып шығуға және зардап шеккендерге көмек көрсетуге немесе өртті сөндіруге дайын. Ақмола құтқарушыларына тікұшақты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитеті берген.

Естеріңізге сала кетейік, МИ-26-әлемдегі ең үлкен сериялық көлік тікұшағы, оның есебінде ондаған әлемдік рекордтар мен орындалған стандартты емес тапсырмалар бар. Тікұшақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюда тамаша құрал ретінде өзін көрсетті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив