Кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы, Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы, сайлау алдындағы үгіт туралы

Кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы, Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы, сайлау алдындағы үгіт туралы

 

2019 жылғы 8 мамырда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болып өтті, оған бірқатар саяси партиялар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Отырыста мынадай мәселелер қаралды:

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы.
  2. Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы.
  3. Сайлау алдындағы үгіт туралы.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы.

Өз баяндамасында Төраға орынбасары Константин Викторович Петров 11 мамырда сағат 18-00-де Республика Президенттігіне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталатынын хабарлады.

Бұдан басқа, Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келетін барлық ұсынылған кандидаттарды Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 06 мамырға дейін тіркеген.

Кандидаттың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау туралы мәліметтерді екі күн ішінде уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынуы мерзімдерін қысқарту, қол қою парақтарын беру мерзімдерін екі күнге дейін, сондай-ақ АСК қол қою парақтарын тексеру мерзімдерін 5 күнге дейін қысқарту туралы ОСК қабылдаған бірқатар шешімдері кандидаттарды тіркеу кезеңін мерзімінен бұрын аяқтауға мүмкіндік берді.

Босатылған уақыт кандидаттарға штаб қызметін ұйымдастырумен айналысуға, сайлау қорларында қаражатты жинақтауға және үгіт кезеңіне неғұрлым сапалы дайындалуға мүмкіндік береді.

Осылайша Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне 7 кандидатты тіркеді:

  1. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты "Nur Otan "партиясы" қоғамдық бірлестігі 2019 жылы 23 сәуірде ұсынды.

2019 жылғы 3 мамырда «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты тіркеу туралы» ОСК № 24/257 қаулысы қабылданды.

  1. Сәді-Бек Түгелді "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы
    2019 жылғы 22 сәуірде ұсынды.

2019 жылғы 3 мамырда "2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде Сәді-Бек Түгелді тіркеу туралы" ҚР ОСК № 25/25 қаулысы қабылданды.

  1. Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховты "Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы" 2019 жылғы 25 сәуірде ұсынды.

2019 жылғы 4 мамырда " 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховты тіркеу туралы " ҚР ОСК № 26/259 қаулысы қабылданды.

  1. Дания Мәдиқызы Еспаеваны "Ақ жол "Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі 2019 жылғы 25 сәуірде ұсынды.

2019 жылғы 4 мамырда "2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде Дания Мәдиқызы Еспаеваны тіркеу туралы " ҚР ОСК № 27/260 қаулысы қабылданды.

  1. Төлеутай Сатайұлы Рахымбековті "Ауыл" халықтық – демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігі 2019 жылғы 26 сәуірде ұсынды.

2019 жылғы 6 мамырда "2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде Төлеутай Сатайұлы Рахымбековті тіркеу туралы" ҚР ОСК № 28/261 қаулысы қабылданды.

  1. Жамбыл Әужанұлы Ахметбековті "Қазақстан Коммунистік Халық партиясы" қоғамдық бірлестігі 2019 жылғы 26 сәуірде ұсынды.

2019 жылғы 6 мамырда "2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде Жамбыл Әужанұлы Ахметбековті тіркеу туралы" ҚР ОСК № 29/263 қаулысы қабылданды.

  1. Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты "Ұлт тағдыры" ұлттық патриоттық қозғалысының қоғамдық бірлестігі 2019 жылғы 27 сәуірде ұсынды.

2019 жылғы 6 мамырда "2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты тіркеу туралы" ҚР ОСК № 30/264 қаулысы қабылданды.

Тіркеу кезеңінен кейінгі келесі сайлау алдындағы үгітті бастау кезеңі         2019 жылғы 11 мамырда жергілікті уақыт бойынша он сегіз сағаттан кейін басталады.

Спикер сондай-ақ жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштер туралы айтты.

Бүгінгі күнгі жағдай бойынша Ортсайлаукомға 60 өтініш келіп түсті, оның ішінде Президенттікке кандидаттарды тіркеу кезеңінде 25 өтініш келіп түсті, оның ішінде: 21 – жеке тұлғалардан; 4 – заңды тұлғалардан. Өтініштер пошта конверттері, электрондық үкімет порталы, Ортсайлаукомның электрондық поштасы арқылы және қолма-қол келіп түсті.

Сипаты бойынша өтініштер: сайлау процесін ұйымдастыру (17); сайлау заңнамасы мәселелері бойынша түсіндірме беру (8) болып бөлінді.

 

Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы

 

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Сапарқызы Мұстафина өз баяндамасында Орталық сайлау комиссиясының «Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ-та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеуі үшін:

* теледидарда - он бес минут;

* радиода - он минут;

* мерзімді баспа басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа парағынан екі мақала жариялау үшін қаражат бөлу қарастырылғанын хабарлады.

Сондай-ақ республикалық бюджеттен кандидаттардың: сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды өткізуге; үгіт материалдарын шығаруға; Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мөлшерде көлік шығыстарына арналған шығыстары өтеледі.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Орталық сайлау комиссиясының "2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында республикалық бюджет қаражатынан өтелетін Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы" қаулысы қабылданды.

Қаулыда Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат шығыстарының мөлшері 7 331 200 (жеті миллион үш жүз отыз бір мың екі жүз) теңге көлемінде белгіленді.

Баяндама кезінде спикер кандидаттардың сайлау қорлары туралы айтып өтті.

Президенттікке кандидаттың сайлау қоры:

  • кандидаттың өз қаражаты және оны ұсынған республикалық қоғамдық бірлестік кандидатқа бөлінген қаражаттың жалпы сомасы заңнамада белгіленген ең төменгі жалақының он екі мың есе мөлшерінен аспайды, бұл 510 000 000 (бес жүз он миллион) теңгені құрайды.;
  • республиканың азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырмалдықтарының жалпы сомасы заңнамада белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен он бес мың еседен аспайды, бұл 637 500 000 (алты жүз отыз жеті миллион бес жүз мың) теңгені құрайды.

Белгіленген мөлшерден тыс артық түскен ақша қаражаты сайлау қорларына есептелуге жатпайды және оларды енгізген азаматтар мен ұйымдарға қайтарылады.

Анонимді қайырмалдықтар республикалық бюджет кірісіне аударылады.

Сайлау қорларына тек заңды жолмен алынған қаражат ғана жіберілуі мүмкін.

Сайлау қорының қаражатына билік ету құқығы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға ғана тиесілі.

Кандидат өз кандидатурасын алған немесе кандидатты тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда сайлау қорына түскен ақша оларды енгізген азаматтар мен ұйымдарға қайтарылады. Бұл ретте көрсетілген қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгізген азаматтар мен ұйымдардың есебінен өтеледі.

 

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей кандидат Орталық сайлау комиссиясына сайлау қорына ақша түсімдерінің көздері және барлық жұмсалған шығындар көрсетілетін өз сайлау қорының қаражатын пайдалану туралы есеп беруі қажет.

Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін он күн ішінде БАҚ-та сайлау қорына келіп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты жариялайды.

Бұл ретте Халықтық Жинақ Банкі Ортсайлаукомға арнайы шотқа қаражаттың келіп түскені туралы және олардың жұмсалғаны туралы апта сайынғы есепті ұсынады.

Арнайы шотқа қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есепті Орталық сайлау комиссиясы БАҚ-та айына екі рет жариялайды.

Арнайы шоттар бойынша барлық қаржылық операциялар сайлау күнінің алдындағы күні он сегіз сағатта тоқтатылады.

Кандидаттың сайлау заңдарының айтылған нормаларын және арнайы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларын бұзуы кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға әкеп соғады.

Сайлау алдындағы үгіт туралы.

Сайлау алдындағы үгіт туралы баяндамасымен Төраға орынбасары Константин Викторович Петров сөз сөйледі.

Сайлау заңнамасына сәйкес сайлау алдындағы үгіт - бұл сайлаушыларды сол немесе өзге кандидатты жақтап немесе оған қарсы дауыс беруге қатысуға түрткі болуға бағытталған қызмет.

Мемлекет азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге сол немесе өзге кандидатты, саяси партияны қолдап немесе оларға қарсы сайлау алдындағы кедергісіз үгіт жүргізу құқығына кепілдік береді.

Заңда сайлау алдындағы үгіт жүргізуге тыйым салынатын субъектілердің санаттары көзделген. Оларға:

1) мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың лауазымды адамдары;

2) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және судьялар;

3) сайлау комиссияларының мүшелері;

4) діни бірлестіктер

5) шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар және халықаралық ұйымдар жатады.

Үгіт үш негізгі тәсілмен:

1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы;

2) сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды, сондай-ақ кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін өткізу арқыыл;

3) баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату арқылы жүзеге асырылады.

Бірінші - БАҚ арқылы үгіт.

Республиканың сайлау заңнамасы бұқаралық ақпарат құралдарын сайлау алдындағы үгіттің дербес субъектілеріне жатқызбайды. Бұл,  партиялық бұқаралық ақпарат құралдарынан басқа, БАҚ-тың белгілі бір кандидатты өзінің қолдауы туралы мәлімдеуге, сол сияқты оған қарсы немесе жақтап үгіттеуге құқығы жоқ дегенді білдіреді.

Мемлекет сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізудің тең шарттарына кепілдік береді.

Ол үшін "Сайлау туралы" КЗ-нің 28–бабының 3-тармағына және ҚР ОСК-ның қаулысымен бекітілген Күнтізбелік жоспардың 7-тармағына сәйкес эфир мен баспасөз алаңын беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер тиісті бұқаралық ақпарат құралымен 2019 жылғы 5 мамырда сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей хабарландырылуы және жариялануы тиіс, сондай-ақ ОСК-ға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсынылуы тиіс.

Қазіргі уақытта ОСК-ға БАҚ-тан 139 ақпараттық хабар келіп түсті, барлық хабарлар ОСК сайтында орналастырылған.

Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарында эфир уақытын, баспа алаңын беру туралы шарттың талаптары қандай да бір кандидатқа, саяси партияға басымдық туғызбауға тиіс.

Кандидаттардың біріне берілген эфир уақытын, баспа алаңын бөлуге келісім беру өзге де кандидаттарға эфир уақытын, баспа алаңын бөлуге келісім беру болып табылады.

Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуінің кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен немесе өтініштер бір мезгілде түскен жағдайда  жеребе бойынша белгіленеді.

Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті бар мерзімді баспасөз басылымдарының, теле- және радиохабарлардың барлық жарияланымдары қаржыландыру көздері туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

Кандидаттардың теледидар мен радиодағы сөздерін сөз сөйлегеннен кейін, сондай-ақ сол нөмірдегі баспа басылымдарындағы сөздерін үзуге және оларға түсінік беруге тыйым салынады.

Президенттікке кандидаттар бұқаралық ақпарат құралдарына үгіт материалдарын ұсынған кезде олардың Конституция мен сайлау заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге тиіс.

Президенттікке кандидаттар, оларды ұсынған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын теледидардағы сайлау алдындағы пікірталастарға қатысуға құқылы. Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясы мұндай мүмкіндікті пысықтауда.

Үгіттің екінші тәсілі - сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды, сондай-ақ кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін өткізу арқылы.

Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар береді. Үй-жай беру шарттары барлық кандидаттар үшін бірдей және тең болуы тиіс.

Сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп кандидаттардың бөлінген үй-жайда сайлаушылармен кездесу кестесін жасайды және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды өткізу кезінде сайлау науқаны үшін арнайы дайындалған баспа, соның ішінде иллюстрациялық материалдарды, сондай-ақ белгілерді, туларды, жалауларды тегін таратуға жол берілетінін есте сақтау маңызды. Қалғандары-сайлаушыларға тегін немесе жеңілдікті жағдайларда тауарлар, қызмет көрсетулер, бағалы қағаздар беру, сондай - ақ лотереялар, қайырымдылық акциялар өткізу, ақша төлеу не оларды беруге уәде беру-өткізуге тыйым салынатын сайлау алдындағы тиісті емес үгіт деп танылады.

Сайлау жарияланған сәттен бастап кандидаттарға, саяси партияларға, сондай-ақ олардың атынан немесе оларды қолдауға кез келген жеке және заңды тұлғаларға, ойын-сауық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды қоспағанда, қайырымдылық іс-шараларын өткізуге тыйым салынады.

Үгіттеудің үшінші тәсілі - баспа, аудиовизуалды және өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату арқылы.

Плакаттар, үндеухаттар және өзге де үгіттік баспа материалдарын басып шығару үшін кандидаттарға тең ақша сомасы бөлінеді.

Барлық үгіт баспа материалдарында мынадай мәліметтер болуы тиіс:

* осы материалдарды шығарған ұйым туралы,

* олардың басылған орны,

* тираже,

* тапсырыс берген тұлғалар,

  • сондай-ақ қандай қаражаттан төленді.

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде үгіттік баспа материалдарын дайындауға, жасырын үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады.

Жергілікті атқарушы органдар тиісті сайлау комиссияларымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілейді және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырады. Үгіттік баспа материалдары барлық кандидаттар үшін тең құқықты қамтамасыз ететін жағдайларда орналастырылады.

Кандидаттар үгіттік баспа материалдарын тиісті объектінің меншік иесінің рұқсатымен өзге жерлерде ілуге құқылы.

Үгіт материалдарын тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар ескерткіштерге, обелискілерге, ғимараттар мен құрылыстарға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларға ілуге тыйым салынады.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізуге байланысты кандидатқа, саяси партияға қызмет көрсететін барлық жеке және заңды тұлғалардың олардан қызмет қабылдауға жазбаша келісімі болуы тиіс екенін ерекше атап өткім келеді. Жазбаша келісімі жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2018 жылы "Сайлау туралы" КЗ-да БАҚ арқылы сайлау алдындағы үгіт мәселелері бойынша айтарлықтай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. ОСК осы мәселелер бойынша КЗ-ның жаңа нормаларын іске асыру мақсатында 2018 жылғы 25 тамызда 4 қаулыны  қабылдады.

Бірінші. Бұқаралық үгіт құралдары арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру қағидалары және ҚР Президентінің, Парламент, мәслихаттар депутаттарының, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын ақпараттық қамтамасыз ету қағидалары (№12/203 қаулы 2018 жылғы 4 қазанда Әділетминінде  №17484 болып тіркелді).

Осы Қағидалармен БАҚ арқылы сайлау алдындағы үгіт тәртібі айқындалған, кандидаттардың, мемлекет қаржыландыратын сайлау алдындағы бағдарламалары бар партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың, сондай-ақ шарттық негізде сөз сөйлеуі үшін эфир уақыты мен баспа алаңын берудің тәртібі мен шарттары көрсетілген.

Екінші. Сайлау алдындағы дебаттарды өткізу қағидалары мен шарттары (№12/198 қаулы 2018 жылғы 26 қыркүйекте Әділетминінде                №17434 болып тіркелді).

 Осы Қағидалар дебаттар өткізілетін телеарналарды анықтау мерзімдерін,  дебатқа қатысушылар мен дебаттар кезінде қатысып отырған тұлғалардың тізімін бекітуді, дебатта сөз сөйлеу кезектілігін, дебатты жүргізуші мен дебатқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, дебаттарды өткізу тілін және дебаттар жазбаларын сақтау мерзімдерін реттейді.

Сайлау алдындағы дебаттарды өткізудің тәртібі мен шарттары тең болуға және қандай да бір кандидатқа немесе саяси партияға басымдық жасамауға тиіс.

Үшінші. Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемі. (№12/202 қаулы                  2018 жылғы 25 қыркүйекте Әділетминінде  №17426 болып  тіркелді).

Мемлекет Қағидалар шеңберінде өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін ақша қаражатын тең бөлуге кепілдік береді.  Әрбір кандидатқа теледидардан 15 минуттық сөз сөйлеуге, радиодан 10 минуттық сөз сөйлеуге және баспа басылымдарында екі мақала жариялауға қаражат бөледі.   

Кандидаттар өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін мемлекет бөлген қаражат шеңберінде баспа және/немесе желілік басылымдардағы, теле- радио арналардағы Жарияланымдар көлемін дербес қайта бөледі.

Төртінші.  Республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен сайлау комиссияларының хабарламаларын мерзімді баспасөз басылымдарымен орналастыру қағидалары мен көлемі (№12/201 қаулы 2018 жылғы 2 қазанда Әділетминінінде  № 17463 болып тіркелді).

Осы Қағидалар сайлау комиссияларының хабарламаларын мерзімді баспасөз басылымдарымен орналастыру тәртібі мен көлемін реттейді.

Қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу.

"Сайлау туралы" КЗ нормаларының талаптарына сәйкес қоғамдық пікірге сұрау салуды ҚР заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сұрау салу жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар, тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, ол туралы ОСК жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып, жүргізуге құқылы. ОСК-ға жіберілетін хабарламада сұрау жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сұрау жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.

Қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді, кандидаттарды не саяси партияларды қолдауға дауыс беру нәтижелерін дауыс беру күніне дейін бес күн ішінде және дауыс беру күні жариялауға тыйым салу енді Интернет желісіне де қолданылады.

Сауалнамалар жүргізетін тұлғалар нәтижелерді жариялауға тыйым салынған кезеңде интернет-ресурстарды, әлеуметтік желілерді және мессенджерлерді пайдаланбауы тиіс.  Бұл норма қоғамдық пікірмен, атап айтқанда, Интернет желісінде фэйк хабарламаларын құру және тарату жолымен манипуляциялауға жол бермеу үшін көзделген.

Қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу және оның нәтижелерін жариялау шарттарын бұзу адамды әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болып табылады (ӘҚБтК-нің 120-бабы).

Интернет желісіндегі үгіт.

"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес интернет-ресурстар бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады, яғни оларға сайлау туралы заңның барлық ережелері қолданылады, демек, интернет-ресурстарда үгіт материалдарын орналастыру мониторингі баспа басылымдарына ұқсас жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму және ақпараттандыру вице-министрі Мауберлинова Нүргүл Өсербайқызы, сондай-ақ ҚР Бас прокурорының орынбасары Дембаев Болат Бекназарұлы  сайлау алдындағы үгітті жүргізу жөнінде баяндама жасады.

 

 БАҚ және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив