Нұр-Сұлтан қаласында ломбардты тонады деген күдік бойынша  екі күдіктіні ұстады

Нұр-Сұлтан қаласында ломбардты тонады деген күдік бойынша екі күдіктіні ұстады

 

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ломбард витриналарынан ұялы телефондарды ашық түрде жымқырды деген күдік бойынша 2 күдіктіні ұстады.

         Тергеп-тексеру барысында ломбардтың тәулік бойы жұмыс істейтіні, аталған ломбардта жеке күзеттің жоқ екендігі, дабыл батырмасымен жарақталғаны анықталды. Күдіктілер түнгі уақытта ломбардқа кіріп, витринаны қолымен сындырып, ұялы телефондарды алып, қылмыс орнынан жасырынған.

         Полицейлер күдіктілерді бейнебақылау камералары арқылы анықтап, ұстаған. Мобильді телефондар тәркіленіп алынып, иесіне қайтарылды.

         Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктілердің бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.                     

         Аталған азаматтардың  заңға қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне жүгінулерін немесе 8 (7172) 71-61-51, 71-63-16 немесе «102» телефондарына хабарласуларын сұраймыз.

 

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив