Әркім әртүрлі түсінеді: Ақмола облысында дәрісшілер тобы не үшін құрылды?

Әркім әртүрлі түсінеді: Ақмола облысында дәрісшілер тобы не үшін құрылды?

 

«Ақмола – адалдық алаңы» жобасы шеңберінде Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және жобалық кеңсенің қызметін түсіндіру бойынша облыстық және аудандық ақпараттық-дәрісшілер топтары құрылды.

Дәрісшілер топтарының құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, кәсіподақ ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының және арнайы мониторингтік топтың мүшелері қатысты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалиновтың айтуынша, халық арасында құқықтық ағарту жұмысын жүргізуде азаматтық қоғам институттарының жаппай белсенді қатысуы өте маңызды.

«Тәжірибеге сүйенер болсақ, азаматтардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыруда халыққа ақпарат жеткізудің дұрыс таңдалған құралы тиімді нәтиже көрсетеді. Кез-келген қоғамда үлкен кәсіби әрі өмірлік тәжірибесі зор, жүзеге асырылып жатқан саясаттың мәнін халыққа түсінікті және қолжетімді етіп жеткізе білетін тұлғалар баршылық. Бұл адамдардың сөзіне халық міндетті түрде құлақ асады. Осы себептен біз осындай тұлғалардан тұратын дәрісшілер топтарын құрдық. Олардың мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру, жемқорлық тәуекелдері туралы ескерту, өмірлік маңызды мәселелердің құқықтық шешмін табуға бағытталған консультациялық көмек беру. Бұл топтардың жұмысы тұрақты әрі үздіксіз жалғасатын болады» - деп Берген Беспалинов мәлімдеп өтті.

Облыстық дәрісшілер тобының өкілдері облыс аудандарына ат басын бұрып, халықпен кездесіп, мемлекеттік мекемелерді аралауда. Департамент өкілдерімен бірлесіп олар Атбасар, Бұланды, Зеренді, Ақкөл, Жарқайың, Есіл, Қорғалжын, Целиноград Біржан сал аудандарының шалғайдағы ауылдарын аралап шықты. Қорғалжын ауданына сапар барысында Жантеке, Сабынды сияқты ауылдық округтерді аралады. Аудан белсенділерімен кездескен кезде дәрісшілер тобының мүшесі, «Ақмола - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі Ақерке Бекахметова жобаның іске асу барысы жөнінде баяндады.

«Жобалық кеңсе тұрмыстық жемқорлықты жою, қызмет алушылар үшін жайлы жағдай жасау мақсатында қоғаммен және мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ауылдық елді-мекендер тұрғындарының жобалық кеңсенің мүмкіндіктері туралы білуі, өзара бірлесіп жұмыс істеуге дайын болуы тиіс» - деп Ақерке Бекахметова мәлім етті.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілермен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өтіп, онда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық баяндаманың негізгі ережелері түсіндірілді.

Осындай кездесулер Біржан сал ауданының Степняк ауылында өтті. Ауыл тұрғындары азаматтарды қабылдау барысында дәрісшілерге өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Оған қоса, дәрісшілер тобы Целиноград ауданына іс-сапармен барды. «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамаларын енгізіп келе жатқан аудан әкімдігі қызметкерлерінің кабинеттері «Open Space» талаптарын қанағаттандырады: кабинеттердің қабырғалары әйнектен жасалған екен. Барлығы ашық әрі айқын.

«Бұл жерде халық үшін ақпаратқа оңай қолжетімділік жағдайлары жасалған. Әкімшілік ғимаратқа кіре берісте интернетке кіруге мүмкіндік беретін ақпараттық бұрыш орнатылып, әрбір азамат аудан әкімдігі сайтына, немесе басқа мемлекеттік органның сайтына кіре алады» - деп Ақерке Бекахметова хабарлады.

Сонымен қатар дәрісшілер тобы «Ақмола – адалдық алаңы» жобасының шеңберінде енгізіліп жатқан жаңашылдықтардың өткізгіші болып табылатын Ақмол ауылының емханасына барды. Кіре берісте ыңғайлы навигация жүйесі орнатылған, фронт офис жұмыс істеп тұр. Бұдан кейін дәрісшілер Целиноград ауданының Қараөткеол ауылына барды. Бұл селолық округ халық мөлшері ең көп шоғырланған аймақтардың бірінен табылады. Дәрісшілер мектеп пен әкімдік мекемелерін аралап шықты. Ауылдық мектепте адалдық дүкені жұмыс істеп тұр.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз орталығы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив