Ақтөбе облысының мемлекеттік қызметшілері «Игі істер жаршысы» атты акциясынақатысуда

Ақтөбе облысының мемлекеттік қызметшілері «Игі істер жаршысы» атты акциясынақатысуда

«Біздің міндет-халыққа қызмет!» Міне осындай ұранмен өңірдің мемлекеттік қызметшілері қайырымдылық акциясын бастады.

МҚІСЖҚІА Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастамасымен басталған акцияның аясында жүзеге асырылатын негізгі іс-шаралардың бірі - ағаш отырғызу, мұқтаж жандарға көмек көрсету, қан доноры болу.

«Бүгін облыстық қан орталығында МҚІСЖҚІА департаменттері мен Ұлттық бюроны қызметкерлері қан тапсыруда. Орталықтың ақпаратына сәйкес қанға сұраныс өте көп. Әсіресе резусы теріс 1,2 және 3 топтағы қандар жетіспейді екен. Көп жағдайда тиісті қан тобын дер кезінде табу адам өмірін құтқарып қалуға себеп болады.Осылайша, біз донорлықты халық арасында да насихатағымыз келеді. Әрі қарай ағаш отырғызу жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Мемлекеттік қызметшілермен өңірде 4500-ге жуық ағаш отырғызылады. Неге мұндай сан десеңіз - біздің өңірімізде сонша мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Сондай-ақ, облыстың мемлекеттік қызметшілері қасиетті рамазан айы қарсаңында қоғамымыздағы аз қамтылған азаматтарға материалдық көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Менің ойымша, бұл әр азаматтың борышы", - деді Ақтөбе облысы бойынша МҚІСЖҚІА департамент басшысының орынбасары Р. Бисенов.

Акция қорытындысы бойынша аталған іс – шараларды жүзеге асыруда ерекше белсенділік танытқан мемлекеттік органдар «23 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күні» мерекесі аясында марапатталатын болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив