Мемлекеттік қызметшілер арасында   «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» облыстық эссе байқауы өткізілді

Мемлекеттік қызметшілер арасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» облыстық эссе байқауы өткізілді

 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының екі жылдығын мерекелеу аясында а.ж. 10 сәуірінде «Достар» мәдениет сарайында Ақмола облысы мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметшілерінің арасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты облыстық эссе байқауы  өз мәресіне жетті!

Мемлекеттік қызметшілердің бойына патриоттық рухты сезіндіріп, латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиінің практикалық қолданылуын біртіндеп енгізу және оны кеңейту арқылы жаңа әліпбиге жүйелі өтуге жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен ұйымдастырылған бұл байқауға 30 мемлекеттік қызметші (өзгеріс болуы мүмкін) қатысты.

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Қаракөз Жамұханова бастаған қазылар алқасы  туған жері, халқы және оның болашағы туралы мақтанышпен жазылған үздік шығармаларды іріктеп, Байқаудың жеңімпаздарын айқындады.

Байқау қорытындысы бойынша І орынға Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының бас маманы Сейітова Динара Қайыржанқызы, ІІ орынға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы Серікбаева Жұздыз Оралбекқызы, ІІІ орынға Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Бакирова Назгүл Серікқызы және Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің бас маманы Балтагарин Медет Абайұлы  ие болды.

 «Достар» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымымен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама келген қауымның көңілін көтеріп, іс-шараға ерекше   рух сыйлады.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив